|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Азаматтық авиация саласындағы кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №4, 53-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережесі: мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: «7-1. Аса маңызды ұшуларды жүзеге асыратын (коммерциялық тасымалдарды орындау құқығынсыз) және сертификаттық талаптарға сәйкес келетін қазақстандық авиакомпанияларға коммерциялық тасымалдарды орындау құқығынсыз Пайдаланушының сертификаты (1-1-қосымша) берілуі мүмкін.»; осы қаулының қосымшасына сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қазандағы № 1695 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы № 106 қаулысымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережесіне 1-1-қосымша
- Елтаңба - ___________________________________________________________________ Уәкілетті орган
Пайдаланушының сертификаты
коммерциялық тасымалдарды орындау құқығынсыз № _____ Осымен пайдаланушы - ________________________ (пайдаланушының атауы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің _____________ №____ қаулысымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларды және олар көрсететін қызметтерді сертификаттау ережесінің талаптарын қанағаттандыратындығын және Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметін pегламенттейтін нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын қанағаттандыратындығын куәландырады. Пайдаланушы - _______________________________ Қазақстан Республикасының заңнамасына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго қ., 1944 ж.) қосымшаларына, сондай-ақ қоса беріліп отырған Пайдалану жөніндегі арнайы ережелерде қамтылған пайдалану талаптары мен шектеулерге сәйкес ______________________________ (авиациялық қызметтердің ____________________________________________________________________________________ түрлері, халықаралық ұшулар және т.б.) жүзеге асыруға қабілетті. Осы Сертификат табыстауға жатпайды және ол кері қайтарып алынғанға немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұрғанға дейін күшінде болады. Инспекциялық бақылауды _______________________ жүзеге асырады. (уәкілетті органның атауы)
МО Уәкілетті органның басшысы __________ __________ (қолы) (Т.А.Ә.)
Күшіне енген күні: ___ж. «_____»_______ Қолданылу мерзімі: ___ж. «_____»_______ дейін
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |