|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Ғылым мен техника саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |