|
|
|
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ережені бекіту туралы (2014.12.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1108 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығын қараңыз
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 6-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ереже бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден қорғау жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы № 773 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 31, 311-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы № 454 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 24, 241-құжат). 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ереже
ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына және 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.12.02. № 78 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: алып қою актісі - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда залалданған карантинге жатқызылған өнімді алуға өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор беретін құжат; карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру - карантинге жатқызылған өнімді пестицидтермен, оның ішінде фумиганттармен өңдеу (газды дезинсекция), карантиндік және басқа зиянды организмдерді жою мақсатында рефрижерациялау (жемістерді салқындату), сондай-ақ жүктерді және көлік құралдарын арамшөптерден босату үшін оларды тазалаудың механикалық тәсілдерін қолдану; Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау - әкелу, әкету, мемлекетішілік тасымалдау және карантинге жатқызылған өнімді өткізу тәртібі мен шарттарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі шараларды өткізуге бағытталған фитосанитариялық шаралар кешені; карантинге жатқызылған өнімді фитосанитариялық сараптау - карантиндік объектілерді, бөтен текті түрлерді және басқа зиянды организмдерді анықтау және олардың түрлік құрамын айқындау мақсатында карантинге жатқызылған өнім легінен іріктеп алынған үлгілерді зерттеу; карантинге жатқызылған өнім легі - бір көлік құралымен бір жеткізілетін пунктке бір алушыға жіберуге арналған карантинге жатқызылған өнімнің саны; карантиндік зертхана - мемлекеттік мекеменің карантинге жатқызылған импорттық және отандық өнімдегі карантиндік объектілерді анықтау мәніне олардың үлгілеріне сараптама жүргізілетін және объектілердің карантиндік және бөтен текті түрлерге тиесілілігі белгіленетін, аспаптармен және карантиндік объектілер жөніндегі әдебиетпен жабдықталған стационарлық зертханасы; карантиндік тексеру - карантинге жатқызылған өнімнің кез келген бөлігін зерттеуге, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімнің әртүрлі бөліктерінен үлгілерді іріктеп алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тауарлардың орамасын немесе көлік құралының жүк орнын не ыдыстарды, контейнерлерді және карантинге жатқызылған өнім орналасқан немесе орналасуы мүмкін өзге де орындарды ашумен байланысты карантинге жатқызылған өнімді көру арқылы тексеру; карантиндік тексеру актісі - карантинге жатқызылған өнімнің кез келген бөлігін зерттеуге, сондай-ақ карантинге жатқызылған өнімнің әртүрлі бөліктерінен үлгілерді іріктеп алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тауарлардың орамасын немесе көлік құралының жүк орнын не ыдыстарды, контейнерлерді және карантинге жатқызылған өнім орналасқан немесе орналасуы мүмкін өзге де орындарды ашумен байланысты карантинге жатқызылған өнімді көру арқылы тексеру сәтіндегі куәландыратын, карантинге жатқызылған өнімнің және көлік құралының жүк орнының карантиидік жай-күйін растайтын және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор беретін құжат; карантиндік хабарлама - өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органды алдағы уақытта карантинге жатқызылған өнімнің түсетіні, оның жай-күйі және (немесе) ол жеткізілетін пунктте егжей-тегжейлі тексеру қажеттігі туралы хабардар етуші құжат; қайтару актісі - әкелуге жатпайтын карантинге жатқызылған импорттық өнімді қайтаруға немесе карантинге жатқызылған өнімді тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнімді өсімдіктер карантині жөніндегі бақылауға көрсетуден бас тартқан жағдайда өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор беретін құжат; өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өсімдіктер карантині саласындағы басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; өсімдіктер - тұқымдарын қоса алғанда, тірі өсімдіктер және олардың бөліктері; өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар - карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою, залалданған, карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлік құралдарын залалсыздандыру мен тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған мемлекеттік іс-шаралар жүйесі; өсімдік салымдары - почта жөнелтімдеріндегі, жолаушылардың қол жүгі мен багажындағы өсімдіктер карантині жөніндегі бақылауға жататын өсімдік тектес өнім; өсімдіктердің сыртқы карантині - карантиндік объектілердің карантинге жатқызылған өнімнің импортымен әкелінуінің және экспортымен әкетілуінің алдын алуға бағытталған өсімдіктер карантині; өсімдік тектес өнім - өзінің табиғаты және (немесе) қайта өңдеу тәсілі бойынша карантиндік объектілердің Қазақстан Республикасының аумағына енуі және (немесе) онда таралуы қатерін төндіретін қайта өңделмеген өсімдік тектес материал (шикізат); өсімдіктердің ішкі карантині - карантиндік объектілердің Қазақстан Республикасының ішінде таралуының алдын алуға, карантиндік объектілердің ошақтарын уақтылы анықтауға, оқшаулауға және жоюға бағытталған өсімдіктер карантині; рефрижерация - жеміс шыбындарынан және олардың дернәсілдерінен залалсыздандыру мақсатында жаңа піскен цитрус жемістерін арнайы ыдыстарда тоңазыту; транзит елі - карантинге жатқызылған өнім сақталмай, бөліктерге бөлінбей, қайта оралмай өтетін және осы елде карантиндік объектілермен залалдану қатеріне ұшырамайтын ел; фитосанитариялық бақылау бекеті - шекара және кеден пункттері аумағында (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-түс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізетін пункттер) орналасқан, уәкілетті орган ведомствосының өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыруға қажетті жабдықтармен және аспаптармен жарақтандырылған бөлімшесі; карантинге жатқызылған өнім тізбесі - өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын карантинге жатқызылған өнім тізбесі; карантиндік қарау - ыдысты, ораманы ашпастан және үлгілер іріктеп алмастан карантинге жатқызылған өнімді, оның ішінде көлік құралдарын, жеке тұлғалардың багажын, сондай-ақ жүк ыдыстарын көру арқылы тексеру. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден қорғауға, оларды анықтауға, оқшаулауға және жоюға, өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға бағытталған. 4. Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар: ауыл шаруашылығы, орман және сәндік дақылдардың тұқымдары мен отырғызылатын материалын, өсімдіктерге және олардың бөліктеріне (қалемшесі, жуашығы, түйнегі, жемісі), басқа өсімдік тектес өнімге; жәндіктердің, өсімдіктер ауруларын қоздырушылардың коллекцияларына, гербарийлерге және тұқымдар коллекцияларына; почта жөнелтімдеріндегі, жолаушылардың қол жүгі мен багажындағы өсімдік салымдарына; көкөністерге, жемістерге, жидектерге, саңырауқұлақтарға, сондай-ақ жаңғақтарға, жер жаңғағына, ұнға, жармаға, дәнді кофеге, какао-бұршаққа, кептірілген жемістер мен көкөністерге, темекіге және шикі қантқа; азық-түліктік, жемдік және техникалық астыққа және оның қайта өңделген өнімдеріне, копраға, ашытқыға, күнжараға, жомға, мақтаның, зығырдың және басқа жіп иіру дақылдарының талшықтарына, дәрілік өсімдік шикізатына, сондай-ақ былғары шикізатына және жүнге; ыдысқа, ағашқа, буып-түю материалдарына (синтетикалықтарды қоспағанда), топырақ құймалары мен үлгілеріне; басқа мемлекеттерден немесе карантиндік аймақтардан келген көлік құралдарына; өсімдік тектес өнімді өсіретін, дайындайтын, жинайтын, қайта өңдейтін және өткізетін ұйымдардың, шаруа (фермер), үй маңы және саяжай қожалықтарының аумағына және үй-жайларына; ауыл шаруашылығы, орман, су және басқа мақсатқа арналған жерлерге қолданылады. 5. Қызметі өсімдік текті өнімді өндіруге, дайындауға, сатуға, тасымалдауға байланысты жеке тұлғалар кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары осы ұйымдарда карантиндік іс-шаралардың орындалуына жауапты адамдарды айқындайды және олардың жұмыс істеуі үшін жағдайлармен қамтамасыз етеді.
2. Карантинге жатқызылған өнімді әкелу кезіндегі қорғау тәртібі (өсімдіктердің сыртқы карантині)
ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына жеткізуге шарттар жасасу кезінде уәкілетті органнан карантиндік объектілердің әкелінуінің алдын алу жөніндегі карантиндік шаралар туралы қажетті ақпарат алады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген әкелу шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасына әкелу фитосанитариялық бақылау бекеттері арқылы ғана әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарға сәйкес және экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген карантинге жатқызылған өнім тізбесіне сәйкес карантинге жатқызылған өнімнің әрбір легіне берілген фитосанитариялық сертификаттары болғанда жүзеге асырылады. 8. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 9. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 10. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 11. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне немесе өсімдіктер карантині саласындағы ынтымақтастық туралы мемлекетаралық шарттарға сәйкес карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен залалданған көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат етілмейді. 12. Импорттық карантинге жатқызылған өнім Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жабық немесе изотермиялық, жарамды және пломбаланған контейнерлерде, герметикалық орамдарда, вагондарда, автофургондарда, авторефрижераторларда және басқа көлік құралдарында тасымалданады. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13. Жерсіндіру-карантиндік көшеттіктерде міндетті тексеру шартымен, карантиндік объектілермен залалданудың жасырын нысаны бар карантинге жатқызылған мынадай өнімді: ғылыми-селекциялық мақсаттар және сортты сынау үшін тұқымдардың үлгілері мен отырғызу материалын; ғылыми-зерттеу мекемелері және ботаникалық бақтар арасында алмасу тәртібімен тұқымдардың үлгілері мен отырғызу материалын әкелуге рұқсат етіледі. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 13-1-тармақпен толықтырылды 13-1. Мынадай карантинге жатқызылған өнімді: 1) көрсетілген өнім отырғызу немесе тұқымдық материал немесе картоп болып табылмайды деген шартпен кеме, ұшақтар, жолаушы вагондар, автокөлік құралдары жолаушыларының, экипаж мүшелерінің қолжүгінде; 2) № 15 «Ағаш орама материалдарды халықаралық саудада реттеу жөніндегі нұсқаулық» фитосанитариялық шаралары бойынша халықаралық стандартқа сәйкес халықаралық үлгідегі арнайы таңбалау белгісі болған жағдайда ағаш орама және бекіткіш материалдарды; 3) көлік құралдарынан сыртқа шығару құқығынсыз, көлік құралдарындағы және осы көлік құралдары командалары мен экипаждарының азық-түлік мақсатына арналған карантинге жатқызылған өнімді экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарын көрсетпестен әкелуге рұқсат етіледі. Көлік құралдарындағы карантиндік объектілермен залалданған азық-түлік қоры өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың ұйғарымы бойынша залалсыздандырылады, жойылады немесе көлік құралының Қазақстан Республикасының аумағында болу кезеңінде арнайы қойма жайларында пломбаланады. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14. Карантинге жатқызылған өнімді кедендік ресімдеу фитосанитариялық сертификаттарға және әкелуге (әкетуге) рұқсат туралы тауар-көліктік құжаттарға өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың тиісті белгісін қоя отырып, өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалаудан еткеннен кейін жүзеге асырылады. 15. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің, сондай-ақ артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланатын тұлғалардың карантинге жатқызылған өнімді әкелуі осы Ережеге сәйкес жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16. Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өнімді өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауды уәкілетті органның фитосанитариялық бақылау бекеттерінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 17. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалау, сондай-ақ фитосанитариялық бақылау бекеттерінде, карантииге жатқызылған өнім жеткізілетін пункттерде тексеру осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті актіні ресімдей отырып, карантинге жатқызылған өнімді кедендік тексерудің алдында немесе онымен бір мезгілде жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелеріне Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы қолданыстағы заңнамасын түсіндіреді, әкелінетін карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін және экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің фитосанитариялық сертификатының болуын тексереді, көлікті, карантинге жатқызылған өнімді сыртқы байқауды жүргізеді. Карантинге жатқызылған өнімді қарау кезінде оның үстінен, орамадан морфологиялық белгілері бойынша карантиндік объектілерге ұқсас организмдер, өсімдік аурулары белгілері, карантинге жатқызылған өнімді карантиндік объектілер бүлдірген белгілер табылған жағдайда карантиндік тексеру жүргізеді. Карантинге жатқызылған өнімнен үлгілер іріктеуді, карантиндік зиянкестерді, өсімдіктер ауруларын және арамшөптерді анықтау мақсатында оларды сол жерде зерттеуді жүргізеді. Карантиндік объектілерді сол жерде айқындау мүмкін болмаған жағдайда, үлгілер және объектілер Республикалық карантиндік зертханаға объектілердің карантиндік түрлерге түрлік тиесілілігін растауға жіберіледі. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 19. Егер тасымалдаушы карантинге жатқызылған өнімді өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалауға ұсынудан бас тартқан жағдайда, онда бұл өнім экспорттаушы елге оның иесінің есебінен қайтарылуға жатады, бұл туралы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қайтару актісін ресімдей отырып, уәкілетті органға, Қазақстан Республикасының шекара және кеден органдарына хабарлайды. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 20. Карантиндік объектілер табылған карантинге жатқызылған өнім қайтарылуға, залалсыздандыруға, карантиндік арамшөптерден тазартылуға немесе техникалық қайта өңдеуге жатады. Карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруға, тазартуға немесе қайта өңдеуге байланысты шығыстарды оның иелері төлейді. Егер карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру, тазарту, қайта өңдеу мүмкін болмаса және оны қайтаруға жағдайлар болмаса, онда бұл өнім Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен алынуға және жойылуға жатады. Карантиндік объектілермен залалданған ерекше ғылыми немесе өзгеше құндылығы бар тұқымдар мен отырғызу материалы олардың иелерінің өтініші бойынша тексеру үшін жерсіндіру-карантиндік көшеттіктерге берілуі мүмкін. Карантиндік объектілермен залалдануы жойылғаннан кейін тұқымдар мен отырғызу материалы олардың иелеріне қайтарылады. Карантинге жатқызылған өнімді алып қоюды (оның ішінде почта жөнелтімдерінен, қол жүгінен және багаждан) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор жүзеге асырады, ол туралы осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес алып қою актісі жасалады. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 21. Карантинге жатқызылған өнім карантиндік тексеруден өткізілгеннен және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүргізілгеннен кейін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор жеткізу пунктіне әкелуге рұқсат бере отырып, тауар-көліктік ілеспе құжаттарға өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгіде мөртабан қояды және оның иесіне осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша карантиндік тексеру актісін береді. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік қадағалау өткізілгеннен кейін фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өнімдермен жүргізілетін жүк операцияларын (басқа көлік құралдарына қайта тиеуді) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың рұқсаты бойынша оның иелері жүргізеді. Өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзушылықтар болмаған жағдайда карантиндік тексеру актісі бір күн ішінде ресімделеді. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 22. Карантиндік бақылаудан еткен және кедендік ресімдеуді фитосанитариялық карантиндік бақылау бекеттерде аяқтаған әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге, сондай-ақ көлік құралдары соңғы түсетін пунктге карантиндік қайта тексеру жүргізілмейді. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 23. Карантинге жатқызылған өнім соңғы түсетін пунктте кедендік рәсімдеуді аяқтау үшін карантинге жатқызылған өнімді және көлік құралдарын екінші тексеруді, талдау мен сараптауға үлгілер іріктеуді кейіннен зиянкестердің, өсімдік ауруларының және арамшөптердің түрлік құрамын белгілеуге сараптай отырып, уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады, олардың нәтижелері бойынша осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша осы өнімді пайдалану шарттары туралы жазба жасай отырып, тексеру актісі жасалады. Объектілердің карантиндік түрлерге тиесілілігін Республикалық карантиндік зертхана растайды. Фитосанитариялық сараптама куәліктерін бере отырып, карантиндік объектілердің түрлік құрамын айқындау: зиянкестер мен арамшөптер үшін - 3 жұмыс күніне дейінгі; өсімдік аурулары - 10 жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды. 24. Карантинге жатқызылған өнімнің түсетін соңғы пунктте карантиндік объектілер анықталған жағдайда уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы осы Ереженің 20-тармағында айқындалған шараларды қолданады. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 25-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 25. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы мемлекетаралық шарттарында және келісімдерінде, сондай-ақ импорттаушы елдердің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметтерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 26. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан әкетуге осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес уәкілетті органның фитосанитариялық сертификаттары болғанда ғана рұқсат етіледі. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.12.02. № 78 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 27-тармақ жаңа редакцияда 27. Жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық сертификат алу үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттарды береді: 1) осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім. Өтінім «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу түрінде ұсынылуы мүмкін; 2) жеке тұлға үшін - өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлға үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама; 3) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өтінім беруші атынан өкілдік етуге өкілеттілікті куәландыратын құжат; 4) импорттаушы елдің фитосанитариялық талаптары болған кезде - импорттаушы елдің мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған импорттық карантиндік рұқсаты не фитосанитариялық талаптар ескертілген шарттардың көшірмелері. *Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады. ҚР Үкіметінің 2012.08.02. № 212 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 28. Әкетілетін карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін бастапқы тиеп-жөнелту орындарындағы және екінші рет, теңіз және өзен порттарында (айлақтарда), темір жол станцияларында, әуежайларда, почта байланысы ұйымдарында, ішкі сауда объектілерінде, автовокзалдарда (автостанцияларда) және өзге объектілерде экспорттық лектерді қайта тиеу (қалыптастыру) кезінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар белгілейді. Қайта тиемей әкету кезінде фитосанитариялық бақылау бекеттерінде фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресімделуін ғана қадағалау жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |