«Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң жанынан Ғарыш жөніндегі кеңес құру туралы» (2007.15.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту" мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанынан Ғарыш жөніндегі кеңес (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған: 1) Кеңес туралы ереже; 2) Кеңестiң құрамы бекітілсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2005 жылғы 31 қазандағы № 1087 қаулысымен бекiтілген
Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының ұлттық және ақпараттық қауiпсiздiгiн, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуын нығайту үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар iрi ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды iске асыруға бағытталған ұсыныстарды әзiрлеуге жауапты консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады. 2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Кеңестiң мiндеттерi мен функциялары
3. Кеңестің негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту үшiн ғылым, білім, өндiрiс пен қаржы-кредит салаларын ықпалдастыруды қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; экологиялық қауiпсiздiк, табиғи апаттар туралы ескертулер мен қысылтаяң жағдайларда құтқару проблемаларын шешу үшiн ғарыш құралдарын пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; ғарыш қызметiн дамыту үшiн мемлекеттік ресурстарды тиiмдi пайдалану және сыртқы инвестицияларды тарту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық, әлеуметтiк-экономикалық прогресi мен ұлттық қауiпсiздiгi мүддесiнде ғарыш саласындағы ғылым жетiстiктерiн және жаңа технологияларды пайдалану жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу. ғарыш қызметi саласында жұмыс iстейтiн қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау және зияткерлiк меншiктi құқықтық қорғау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; ғарыш қызметi саласы үшiн кадрларды даярлау, қайта даярлау, олардың біліктiлiгiн арттыру жүйесiн құру және космонавтика жетiстiктерiн насихаттау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; Қазақстанның қорғаныс кешенiн конверсиялау және ғарыш саймандарын жасауда оның ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетiн тиiмдi пайдалану жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу; ғарыш саласындағы халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалық және тиiмдi бағыттарын талдау және айқындау. ғарыш қызметi саласында iрi бағдарламалар мен жобаларды iске асыру барысын тыңдауға; Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғарыш қызметiн дамыту мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге; мемлекеттік органдардан қажеттi материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға құқығы бар.
3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2007.15.11. № 1087 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Кеңестi төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады. Кеңестiң құрамына Кеңес төрағасының орынбасары және хатшы кiредi. Кеңес туралы ереженi және оның дербес құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. ҚР Үкіметінің 2007.15.11. № 1087 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Кеңестiң төрағасы Кеңес қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешiмдердiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шараларды айқындайды. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды. Кеңестiң хатшысы Кеңес мәжілісiнiң күн тәртібі бойынша қажеттi құжаттар мен материалдарды дайындайды және отырыстың хаттамаларын ресiмдейдi. Кеңестiң құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің, Бiлiм және ғылым, Көлiк және коммуникация, Сыртқы iстер, Әдiлет, Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Мәдениет және ақпарат, Туризм және спорт, Индустрия және сауда, Қорғаныс, Энергетика және минералдық ресурстар, Ауыл шаруашылығы, Қоршаған ортаны қорғау, Төтенше жағдайлар министрлiктерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң, сондай-ақ ғарыш қызметi саласында жұмыс iстейтiн жетекшi кәсiпорындар мен ұйымдардың бiрiншi басшылары кiредi. 8. Кеңестiң шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi. 9. Кеңестiң отырысы жылына кемiнде екi рет өткiзiледi. Әрбiр екi жылда Кеңес құрамының 1/3 бөлiгi жаңартылып отырады. Кеңестiң отырысы, егер оған Кеңестiң бекітілген тiзiмдiк құрамының кемiнде 2/3 бөлiгi қатысса заңды болады. Шешiмдер отырысқа қатысып отырған Кеңес мүшелерiнiң ашық дауыс беруi арқылы қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады. ҚР Үкіметінің 2007.15.11. № 1087 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі болып табылады. Үкіметінiң 2005 жылғы 31 қазандағы № 1087 қаулысымен бекiтілген
ҚР Үкіметінің 2007.15.11. № 1087 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңестiң құрамы
Ахметов - Қазақстан Республикасының Қорғаныс Даниал Кенжетайұлы Министрi
Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер- Өмірзақ Естайұлы Министрінің орынбасары, төраға
Шығаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш Мұрат Насырұлы агенттігі Ғарыш қызметін дамыту стратегиясы басқармасының бастығы, хатшы
Ахметов - Қазақстан Республикасының Көлік және Серік Нығметұлы коммуникация министрі
Досмұханбетов - Қазақстан Республикасының Туризм және Темірхан Мыңайдарұлы спорт министрі
Ертісбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ермұхамет Қабиденұлы ақпарат министрі
Есімов - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Ахметжан Смағұлұлы министрі
Ысқақов - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны Нұрлан Әбділдаұлы қорғау министрі
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы Болат Бидахметұлы министрі
Оразбақов - Қазақстан Республикасының Индустрия және Ғалым Ізбасарұлы сауда министрі
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі
Тәжин - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Марат Мұханбетқазыұлы министрі
Түймебаев - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Жансейіт Қансейітұлы министрі
Божко - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Владимир Карпович министрі
Есекеев - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және Қуанышбек Бақытбекұлы байланыс агенттігінің төрағасы
Шабдарбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Амангелді Смағұлұлы комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Шаймағамбетов - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш Еркін Мұстафаұлы агенттігі төрағасының орынбасары
Ыбыраев - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің Азамат Болатұлы Кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі
Ахматов - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі Иван Идрисович «Бәйтерек» қазақстан-ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамының бас директоры
Батырғажин - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» Азамат Байқуанышұлы акционерлік қоғамының Президенті
Жантаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарышагенттігінің Жұмабек Шәбденамұлы «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» шаруашылық жүргізу Құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры
Лефтер - «Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық Виктор Дмитриевич құралдардың электр магниттік үйлесімділігі республикалық орталығы» акционерлік қоғамының президенті
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика және Сауат Мұхаметбайұлы минералдық ресурстар министрі
Балиева - Қазақстан Республикасының Әдiлет Зағипа Яхияқызы министрi
Мұсабаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің Талғат Амангелдiұлы төрағасы,төрағаның орынбасары»;
|