|
|
|
Қазақстан Республикасының делегациясын Әбу-Даби қаласына (Біріккен Араб Әмірліктері) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің Әбу-Даби қаласына (Біріккен Араб Әмірліктері) жұмыс сапарын өткізуді дайындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының делегациясы осы қаулының: 1-қосымшасына сәйкес 2009 жылғы 25 қазан - 3 қараша кезеңіне; 2-қосымшасына сәйкес 2009 жылғы 24 қазан - 3 қараша кезеңіне; 3-қосымшасына сәйкес 2009 жылғы 22 қазан - 3 қараша кезеңіне; 4-қосымшасына сәйкес 2009 жылғы 27 қазан - 3 қараша кезеңіне Әбу-Даби қаласына (Біріккен Араб Әмірліктері) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі делегация мүшелеріне тәуліктік және: 1-қосымшаға сәйкес Стамбул - Әбу-Даби - Дубай - Астана бағыты бойынша; 2-қосымшаға сәйкес Алматы - Әбу-Даби - Алматы бағыты бойынша; 3-қосымшаға сәйкес Астана - Стамбул - Әбу-Даби - Дубай - Астана бағыты бойынша; 4-қосымшаға сәйкес Астана - Дубай - Әбу-Даби - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1649 қаулысына 1-қосымша
Әбу-Даби қаласына (Біріккен Араб Әмірліктері) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1649 қаулысына 2-қосымша
Әбу-Даби қаласына (Біріккен Араб Әмірліктері) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1649 қаулысына 3-қосымша
Әбу-Даби қаласына (Біріккен Араб Әмірліктері) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1649 қаулысына 4-қосымша
Әбу-Даби қаласына (Біріккен Араб Әмірліктері) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |