Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардыңшығарылған елін айқындау ережесі туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1478 Қаулысымен бекітілді 2011 жылғы 16 наурызда күшіне енді
Осы келісімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы хаттаманың жобасын қараңыз
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері, 1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағын құру туралы келісімді және 1995 жылғы 3 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы туралы келісімді басшылыққа ала отырып, еркін сауда аймағының тиісінше және тиімді жұмыс істеу қажеттігін ескере отырып, тауарлардың еркін қозғалысы үшін жағдай жасау мақсатында, тауарлардың шығарылған елін айқындаудың бірыңғай тәртібін белгілеуге ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті:
Тараптар тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатында осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесін қабылдайды.
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын, осы Келісімнің 4-бабына сәйкес күшіне енетін хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Тараптар арасында осы Келісімнің ережелерін қолдану мен түсіндіру кезінде туындайтын даулы мәселелер Тараптардың консультациялары және келіссөздері жолымен шешіледі.
Осы Келісім оған қол қойған Тараптардың оның күшіне ену үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді. Мемлекетішілік рәсімдерді кеш орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарий тиісті құжаттарды алған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|