|
|
|
Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаудың (қайта таңбалаудың) кейбір мәселелері туралы (2015.23.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 300 Қаулысымен күші жойылды
2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін 2010 жылғы 1 сәуірден бастап: осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес отандық өндірістің алкоголь өніміне арналған; осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес әкелінетін алкоголь өніміне арналған жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау енгізілсін. 2. Алкоголь өнімін 2010 жылғы 31 мамырға дейін жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаусыз 2007 жылғы 15 сәуірден бастап енгізілген есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауды жүзеге асыруға рұқсат етілсін. ҚР Үкіметінің 2010.30.12. № 1473 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. 2011 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде 2007 жылғы 15 сәуірден бастап енгізілген есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбаланған алкоголь өнімін заңнамада белгіленген тәртіппен қайта таңбалау жүзеге асырылсын. 4. ҚР Yкіметінің 2015.23.07. № 573 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 6. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2041 қаулысына 1-қосымша
Голографиялық қорғаныс элементі бар есепке алу-бақылау таңбасы Қорғаныс түрлерінің айрықшалығы 65 х 17 форматты
Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2041 қаулысына 2-қосымша
Голографиялық қорғаныс элементі бар есепке алу-бақылау таңбасы (әкелінетін өніміне арналған) Қорғаныс түрлерінің айрықшалығы 65 х 17 форматты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |