Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру ережесін бекіту туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 394 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру ережесі бекітілсін. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша), меншік нысандарына тиістілігіне қарамастан денсаулық сақтау субъектілері осы бұйрыққа сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беруді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (Айдарханов А.Т.) белгіленген заңнамалық тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 5. Мынадай: 1) Азаматтарға уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беру ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1372/1 тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы № 859 бұйрығының; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|