Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының кейбір мәселелері туралы
Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында орынның тапшылығын азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Астана қаласы әкімінің осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бұрынғы мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттарын республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын. 2.Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489-құжат) мынадай толықтыру: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында: «Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген 2-бөлімде: «Елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету» деген 3-кіші бөлімде: «2008 жыл» деген 2-кезеңде: 2-тетік мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын: «Көрсетілген объектілердегі уәкілетті ұйымның ТҚК-ға берілген бірінші қабаттардағы тұрғын емес алаңдар әкімдіктерге кейіннен коммуналдық меншікке беру үшін дамуға республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен мектепке дейінгі мини-орталықтар болып жайластырылады.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|