Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды сынақтан өткізу, оларды және нормативтік құжаттаманы тіркеу, беру, сақтау, депозитке берудің толықтығын қамтамасыз ету және оларды тіркеу, депозитарийге беру мен сақтау туралы мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту туралы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 63 бұйрығымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды сынақтан өткізу, оларды және нормативтік құжаттаманы тіркеу, беру, сақтау, депозитке берудің толықтығын қамтамасыз ету және оларды тіркеу, депозитарийге беру мен сақтау туралы мәліметтерді ұсыну ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.Б. Елеусізова) белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Е.Д.Дүрмағамбетовке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 1 желтоқсандағы № 480 бұйрығымен бекітілген
Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийда тіркеу, беру және сақтау туралы мәліметтер ұсыну мен депониттеуді сынақтан өткізу, тіркеу, беру, сақтау, толықтығын қамтамасыз ету ережесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|