|
|
|
ҚР Үкіметінің 2013.08.05. № 473 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
ҚР Үкіметінің 2011.22.07. № 848 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.29.12. № 1741 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2223 қаулысымен бекітілген
1. Мемлекеттік қызмет жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) тарапынан, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетіледі, олардың мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген. Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті көрсету мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебін жүргізу қағидаларына сәйкес көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.kz. интернет-ресурсында; 2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - орталық РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында; 3) уәкілетті органның және орталықтың үй-жайларындағы стенділерде; 4) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылады. 5) Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың 1414 телефоны арқылы алуға болады. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі әскерге шақырылушыға берілетін әскери есепке алу туралы анықтаманың берілуі немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. 1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдерді; 2) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әскери міндетті өткеруден босатылған адамдарды; 3) бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жүрген адамдарды; 4) Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұратын адамдарды қоспағанда, әскери есепке алынуға тиіс Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: уәкілетті органға жүгінген кезде: 1) құжаттарды ресімдеу мерзімі - өтініш беруші уәкілетті органға жүгінген сәттен бастап 10 минут; 2) кезекте күту уақыты - осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған кезде 30 минуттан артық емес; 3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алу үшін күту - өтініш беруші жүгінген сәттен бастап 10 минут; орталыққа жүгінген кезде: 1) тұтынушы жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жұмыс күнін құрайды; 2) мемлекеттік қызметті алғанға дейінгі жол берілген ең ұзақ күту уақыты 20 минуттан артық емес; 3) жүгінген күні тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан артық емес. 8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 1) уәкілетті органда - дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда күн сайын сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін (сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа), түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін; 2) орталықта - мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі. Қабылдау жедел қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады. Мобильді орталықтар көші-қон полициясының аумақтық басқармалары мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаты құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады. 10. Мемлекеттік қызмет осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті органның ғимараттарында көрсетіледі, онда дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдайлар жасалған, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілерден үзінділер (үзінді көшірмелер) бар стенділермен жарақтандырылған күтуге және құжаттар толтыруға арналған орындар бар. Мемлекеттік қызмет дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға пандустармен, күту залымен жабдықталған мемлекеттік қызмет алушының тұрғылықты жері бойынша орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күтіп отыратын креслолар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы уәкілетті органға немесе Орталыққа мынадай құжаттарды ұсынуы қажет: 1) елді мекенге (әкімшілік ауданға) тұрақты тұруға немесе уақытша болу үшін (үш айдан артық мерзімге), сондай-ақ қызметтік іссапарларға, оқуға, демалысқа немесе емделуге (үш айдан артық мерзімге) келген кезде: осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш; әскери билет немесе уақытша куәлік (әскери билеттің орнына); жеке куәлік. 2) әскери қызметтен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің запасына шығарылған кезде, сондай-ақ құқық қорғау органдарынан босатылған кезде: осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш; жеке куәлік; әскери билет немесе уақытша куәлік (әскери билеттің орнына); әскери бөлімнің (мекеменің) нұсқамасы; 3) түзеу мекемелерінде жазасын өтеу кезінде: осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш; жеке куәлік; түзеу мекемелерінде жазасын өтегені туралы анықтама; 4) Қазақстан Республикасынан тыс жерге алты айдан артық мерзімге кеткен адамдар: осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш; жеке куәлік; Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қазақстан Республикасының аумағына келген күні туралы белгісі бар әскери билетті немесе уақытша куәлікті (әскери билеттің орнына) қабылдағаны туралы қолхат. Барлық ұсынылған құжаттар әскери есепке алу құжаттарында тиісті жазбалар жүргізу үшін уәкілетті органға жолданады. Жазба жүргізілгеннен кейін әскери билет немесе уақытша куәлік (әскери билеттің орнына) 1 жұмыс күнінен кейін (өтініш жасаған күннен кейінгі) тұтынушыға қайтару үшін орталыққа беріледі. Мемлекеттік ақпараттық жүйеде бар тұтынушының жеке куәлігі туралы мәліметтерді уәкілетті орган немесе орталық тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат үлгісінде алады. Құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті органның немесе орталықтың қызметкері түпнұсқалардың түпнұсқалығын мемлекеттік ақпараттық жүйеден ұсынылған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаны тұтынушыға қайтарады. 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін: 1) уәкілетті органда өтініштің бланкісін уәкілетті органның қызметкері береді; 2) орталықтарда бекітілген үлгідегі өтініштің бланкісі күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ орталықтың интернет-ресурсында орналастырылады. Өтініштер бланкілерінің нысандары осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады. 13. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органның немесе орталықтың лауазымды адамдарына тапсырады. Уәкілетті органның жауапты адамының деректері www.mod.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ уәкілетті органның үй-жайында көзге көрінетін жерлерде мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады. 14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде уәкілетті органда немесе орталықта тұтынушыға мыналарды: 1) құжаттардың нөмірі мен қабылданған күнін; 2) сұралған мемлекеттік қызмет түрін; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын; 4) құжаттарды беру күнін, уақыты мен орнын; 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын; 6) тұтынушының тегін, атын, әкесінің атын, оның байланыс телефонын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. 15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі тұтынушыға беріледі: 1) уәкілетті органда тұтынушыға дайын құжаттарды беру тіркеу күні және құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген талон негізінде күн сайын жүзеге асырылады; 2) орталықта тұтынушыға дайын құжаттарды беруді орталықтың қызметкері қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде күн сайын «терезелер» арқылы жүзеге асырады. Егер тұтынушы көрсетілген мерзімде қызмет нәтижелеріне өтініш жасамаған жағдайларда орталық оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға береді. 16. Егер осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етілетін құжаттардың барлығы ұсынылмаған жағдайларда, мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тартылады. Тұтынушы көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады. Орталық қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде тұтынушыға жетпейтін құжаттарды көрсете отырып, қолхат береді.
17. Орталықтың қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді: 1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау; 2) қызметтік міндеттерін орындаған кезде заңдылықты сақтау; 3) азаматтармен қарым-қатынас жасаудағы сыпайылық; 4) түпкілікті және толық ақпарат беру; 5) ақпараттың сақталуын, қорғалуын және оның құпиялылығын қамтамасыз ету; 6) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
18. Өтініш иелеріне мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді, олар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.kz., орталық РМК-ның www.con.gov.kz интернет-ресурстарында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде орналастырылады. 19. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтер сапасы және қолжетімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітіледі.
20. Уәкілетті органның уәкілетті лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін орган облыстардың, Астана және Алматы қалаларының қорғаныс істері жөніндегі департаменттері атынан департамент бастығының заң жұмыстары жөніндегі көмекшілері (заң консультанттары) болып табылады. Уәкілетті органның немесе орталықтың қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпарат 1414 телефоны арқылы не осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы беріледі. 21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органына, жоғары тұрған уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне немесе орталық РМК-ға беріледі, олардың мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген. 22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметтің дұрыс көрсетілмеуіне шағымды тұтынушы ауызша немесе жазбаша нысанда, сондай-ақ электронды түрде заңнамада белгіленген тәртіппен өтініш жасау арқылы мыналарға жолдайды: 1) орталықта шағым тікелей орталық басшысына немесе орталық РМК-ның басшысына беріледі, оның мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген; 2) уәкілетті органда тікелей уәкілетті органның басшысына беріледі, оның мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген. Шағымда өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты, оның электрондық немесе пошталық мекенжайы және күні көрсетіледі. Шағым өтініш иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады не оған өзінің қолын қояды. 23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Шағым, өтініш «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғаның толық атын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсете отырып жасалады. Өтінішке мемлекеттік қызметті алушы қол қоюы тиіс. Шағым берген кезде әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым жасалатын лауазымды адамдардың тегі, аты-жөні, өтініш жасау себептері мен талаптар көрсетіледі. 25. Жазбаша түрде жүгінген өтініш иесіне өтінішті қабылдаған күні мен уақыты, оны қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні және байланыс деректері көрсетіле отырып, талон беріледі. Келіп түскен шағым аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) жергілікті әскери басқару органдарының (бұдан әрі - ЖӘБО), жоғары тұрған уәкілетті органның кіріс хат-хабарларды есепке алу журналына немесе орталықтардың, орталық РМК-ның ақпаратты есепке алу журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады. Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш иесіне оның электрондық поштасына немесе жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады. 26. Уәкілетті органның және орталықтың басшыларының қабылдау уақыты осы стандарттың 9-тармағында көзделген уәкілетті органның және орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес айқындалады. ЖӘБО-ның байланыс телефондары 1-қосымшада көрсетілген. Уәкілетті органның байланыс телефондары ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті органның үй-жайларында орналастырылған стенділерде көрсетіледі. Орталықтардың байланыс телефондары 2-қосымшада көрсетілген. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, № 14 үй, интернет-ресурсы: www.mod.gov.kz. «ХҚО» РМК-ның мекенжайы: Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 А үй, телефоны: 87172-94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.
«Әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті
«Әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары мен телефондары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |