Көшіп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы (2007.22.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 15 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Көшіп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесі бекітілсін. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Көшіп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесi
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Осы Ереже "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген және оралмандардың көшіп-келу квотасына енген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеудің, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар (бұдан әрі - қосымша жеңілдіктер) төлеудің тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті); 2) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органы (бұдан әрі - аумақтық орган) - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің аумақтық органы; 3) төлемдер жөніндегі уәкілетті ұйым - екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының және Ұлттық Банкінің банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар. ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қосымша жеңілдіктер оларды алуға құқығы бар оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне төленеді. ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Оралмандардың және олардың отбасы мүшелерінің қоныс аударуы өз бетімен және ұйымдасып қоныс аудару жолымен жүзеге асырылады. Ұйымдасып қоныс аудару кезінде оралмандар және олардың отбасы мүшелері тұрғылықты жеріне жеткенге дейінгі жолда тамақ өнімдерімен және дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.
2. Қосымша жеңілдіктерді тағайындауға және төлеуге өтініш беру
4. Қосымша жеңілдіктерді тағайындауға және төлеуге өтініш беру оралманның отбасы оралмандардың көшіп-келу квотасына енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады. 5. Қосымша жеңілдіктерді тағайындау және төлеу үшін оралман отбасының басшысы өзінің тұрғылықты жері бойынша аумақтық органға төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымда алдын ала ашқан жеке шотын көрсете отырып, отбасының атынан осы Ережеге қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда өтініш береді. Отбасының басшысын оралманның отбасы белгілейді. Өтінішке мыналар қоса беріледі: 1) адамның тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат; ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) ұлты қазақ емес отбасы мүшелерінен басқа, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға берген қолдаухаттары туралы ішкі істер органдарынан анықтамалар; 3) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
3. Қосымша жеңілдіктерді тағайындау және төлеу тәртібi
6. Аумақтық орган осы Ереженің 5-тармағында аталған барлық құжаттар болған кезде өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қосымша жеңілдіктерді тағайындау туралы немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, төлеуден бас тарту туралы шешім шығарады. Қосымша жеңілдіктерді тағайындау туралы немесе төлеуден бас тарту туралы шешімге аумақтық органның басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды. Қосымша жеңілдіктер төлеуден бас тартылған жағдайда аумақтық орган бас тарту себептерін көрсете отырып, бір айдың ішінде өтініш берушіні хабардар етеді. 7. Қосымша жеңілдіктерді тағайындау туралы шешімде оралман отбасының құрамы, оларға тиесілі төлемдердің мөлшері және төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымда оралман отбасының басшысы ашқан жеке шоттың нөмірі көрсетіледі. 8. Аумақтық орган қосымша жеңілдіктерді тағайындау туралы шешім шығарғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей төлемдер жөніндегі уәкілетті ұйымдарға тиісті төлемдерді аударады. 9. Аумақтық органның қосымша жеңілдіктер төлеуден бас тартуына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға болады. 10. Қосымша жеңілдіктер оралман отбасының Қазақстан Республикасының аумағына келмеген немесе өздері оралмандардың көшіп-келу квотасына енгізілген жылдың ішінде осы Ереженің 5-тармағында аталған құжаттарды табыс етпеген мүшелеріне берілмейді.
11. Біржолғы жәрдемақылар мынадай мөлшерде тағайындалады: 1) отбасы басшысына 15 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 2) отбасының әрбір мүшесіне 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. 12. Тұрғын үй сатып алуға арналған қаражат оралман отбасының әрбір мүшесіне 100 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бөлінеді. Бұл ретте оралман отбасы басшысының жеке шотына аударылған бөлінген қаражаттың сомасы мен сатып алынатын тұрғын үйдің сатып алу құны арасындағы кері айырма оралмандардың отбасы мүшелерінің өз қаражаты есебінен төленеді, ал оң айырма оралман отбасында қалады. 13. Өз бетімен қоныс аудару кезінде тұрақты тұратын жеріне бару мен мүлкін (соның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарды өтеу мынадай мөлшерде жүзеге асырылады: 1) оралман отбасының әрбір мүшесінің жолына ақы төлеу 10 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі; 2) жеке мүлкін апаруға ақы төлеу оралман отбасына 50 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 14. Ұйымдасып қоныс аудару кезінде оралмандарды және олардың отбасы мүшелерін тасымалдау және олардың мүлкін апару жөніндегі көліктік шығыстарды: 1) шыққан мемлекетінен Қазақстан Республикасының аумағындағы келу пунктіне дейін - уәкілетті орган; 2) Қазақстан Республикасының аумағындағы келу пунктінен соңғы тұрғылықты жеріне дейін - аумақтық орган жүзеге асырады. Ұйымдасып қоныс аудару кезінде көлік ұйымдарының оралмандардың және олардың отбасы мүшелерінің мүлкін апару жөніндегі қызметтері оралман отбасына салмағы 1000 килограмнан аспайтын жүк үшін өтеледі. Соңғы тұрғылықты жеріне дейінгі жолда тамақ өнімдерімен, дәрілік заттармен қамтамасыз ету әрбір отбасы мүшесіне айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 50 пайызы мөлшерінде жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 15. Қазақстан Республикасы әділет органдарының оралмандарды және олардың отбасы мүшелерін құжаттамалау (тұруға ықтиярхат немесе Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі) жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу осы құжаттардың Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құны мөлшерінде жүргізіледі.
16. Аумақтық органдар мен төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдардың арасында есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейін төленген сомалар бойынша салыстыру актілері жасалады. 17. Аумақтық органдар төлемдер жөніндегі уәкілетті ұйыммен арадағы салыстыру актісінің негізінде есептіден кейінгі айдың 7-күніне уәкілетті органға төлемдер туралы есептерді ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Көшіп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жерi бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесіне қосымша
Кімге ________________________________________ (ұйым басшысының лауазымы, тегі және аты-жөні) ______________________________________________ ______________________________________________ ______________________________________________ ___________________ мекен-жайы бойынша тұратын ______________________________________________ (оралман отбасы басшысының тегі, аты, әкесінің аты)
Қосымша жеңілдіктерді тағайындау және төлеу туралы өтініш
Сізден маған ________________________________________________ (Қазақстан Республикасына келу мақсаты көрсетіледі) байланысты, келген отбасы мүшелерінің мынадай құрамын: ______________________________________________________ ______________________________________________________ ______________________________________________________ ______________________________________________________ ______________________________________________________ ______________________________________________________ ескере отырып, қосымша жеңілдіктер төлеуді сұраймын. Бізге тиесілі соманы ________________________________________ (банктің атауы, банктің СТН-і, банктің ___________________________________________________________________ ФАА-сы, алушының жеке шотының нөмірі көрсетіледі) аударуды сұраймын. Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын: ______________________________________________________ ______________________________________________________ ______________________________________________________ ______________________________________________________ ______________________________________________________ 20__жылғы "____"__________ ________________________ (отбасы басшысының қолы)
Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесi
1. "Республикалық бюджеттен оралмандар үшін бөлінетін қаражатты мақсатты пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1194 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 41, 366-құжат). 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1194 және 2001 жылғы 4 мамырдағы № 605 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 48 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 1, 16-құжат). 3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1194 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 4 мамырдағы № 605 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 ақпандағы № 225 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 10, 121-құжат). 4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қаңтардағы № 31 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 7, 73-құжат). 5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы № 1194 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 шілдедегі № 747 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 27, 351-құжат).
|