Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары бекітілді. 1997 жылы Мемлекет басшысы ел халқына «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдаумен қайырылып, онда Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиялық басымдықтары айқындалды. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Стратегиялық даму жоспарының алғашқы онжылдығын іске асыру аяқталып, оның негізгі мақсаттарына қол жеткізілді. Келесі онжылдықтың шешуші бағыттары мен стратегиялық мақсаттары Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында анықталды. Мемлекеттің күш-жігері шешуші бес бағытқа шоғырландырылатын болады: - дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлену; - экономиканы жедел әртараптандыру; - болашаққа инвестициялар; - азаматтарға арналған қызметтер; - ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті халықаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету. Қазақстанды дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу аясында болашақ сапалы өсу үшін негіз қалауға мүмкіндік беретін іскерлік ахуалды жақсарту, қаржы жүйесінің тұрлаулығын қамтамасыз ету және сенімді құқықтық ортаны қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру көзделеді. Экономикалық әртараптандыру мұнай өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы; металлургия және дайын металл бұйымдар өндірісі; химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібі; ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру; сондай-ақ энергетика, көлік және телекоммуникациялар секілді басым бағыттар бойынша оза даму есебінен қамтамасыз етілетін болады. Әртараптандырудың шешуші басымдықтары Елді 2010-2014 жылдарға арналған жедел индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|