Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен күші жойылды
Осы жарлыққа түсініктемені , Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін қараңыз
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Даму Стратегиясын іске асыру мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі - Стратегиялық жоспар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық мемлекеттік органдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар өз қызметінде Стратегиялық жоспарды басшылыққа алсын және оны іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдасын. ҚР Президентінің 2012.27.08. № 371 Жарлығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасының Үкiметi 2012 жылдан бастап Стратегиялық жоспарды iске асыру мониторингiнің нәтижелерін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне ұсынатын болсын. 4. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2010 жылғы ақпанның 1-і.
№ 922
Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ
Мазмұны
I. Стратегиялық жоспар-2020: жаһандық үрдістер Әлемдік экономикадағы үрдістер Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|