|
|
|
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.28.03. № 363 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысымен бекітілген
«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандарты (2012.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1788 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - ХҚТ ТП) қолдана отырып, ішкі істер органдарының көші-қон полициясының аумақтық бөліністері (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтарында (бұдан әрі - Орталық) көрсетеді. Мемлекеттік қызмет сондай-ақ «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы ұсынылады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысының 10-тармағының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (электронды мекенжайы: www.mvd.kz) интернет-ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген орталықтардың үй-жайлары мен уәкілетті органдардағы стенділерде орналастырылады. 5. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі. ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1788 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызмет көрсету құжатты алуға өтініш ресімделген күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей беріледі. Мемлекеттік қызметті жеделдетілген режимде көрсету ресімделген күннен бастап 7, 10 және 15 жұмыс күні ішінде көрсетіледі (құжаттар қабылданған және берілген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді). 2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды. 2-1) мемлекеттік қызмет алу үшін веб-портал арқылы электрондық сұрау салу берілген күнінен бастап - 30 жұмыс күні; 3) құжаттарды алған кезде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі. Мемлекеттік баж заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасаған және (немесе) құжаттар берілген жердегі бюджетке «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 540-бабымен белгіленген мөлшерде банк мекемелері арқылы төленеді. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын бергені үшін мемлекеттік баж көлемі 400 пайызды, ал Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бергені үшін мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген ең төменгі есептік көрсеткіштің 20 пайызын құрайды. Мемлекеттік баж тіркеуші органға тиісті құжаттар берілгенге дейін төленуі тиіс. Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін беру кезінде: Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері; Даңқ орденінің үш дәрежесімен және Еңбек Даңқы орденінің үш дәрежесімен, «Алтын Қыран», «Отан» ордендерімен наградталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарын алған адамдар; «Батыр ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар; Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры кезеңінде кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жастан мүгедектердің ата-аналарының бірі; қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар, балалар үйінде және (немесе) интернаттарда тұратын толық мемлекет қамқорлығындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады. ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1788 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. Мемлекеттік қызмет Орталық арқылы ХҚТ ТП арқылы ұсынылады, қабылдау жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын түскі үзіліссіз жүзеге асырылады. Орталықтың жұмыс кестесі: Жұмыс күндері - дүйсенбіден бастап сенбіге дейін, демалыс күні - жексенбі. Жұмыс уақыты: Орталыққа жүгінген кезде: 1) мемлекеттік қызмет алу үшін өтініштерді қабылдау жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліссіз, сенбі күні - сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады; веб-портал арқылы жүгінгенде: өтініштерді қабылдау - тәулік бойы. 2) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз, сенбі күні - сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін еңбек заңнамасына сәйкес, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Өтініш қағаз тасымалдағышқа толтырылып Орталыққа берілген кезде қабылдау еңбек заңнамасына сәйкес, жексенбі және мереке күндерді қоспағанда, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын, түскі үзіліссіз жүзеге асырылады. Орталықтың жұмыс кестесі осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген. Орталықтың өкілдіктерінде құжаттар түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін қабылданады. Орталықтарда алдын ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген. 10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жеріндегі мүмкіндігі шектеулі тұтынушылар үшін жағдайлар (пандус) көзделген Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, электрондык кезек терминалы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi
ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1788 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. Тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін: 1) тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы (ХТҚ ТП арқылы қызмет алу кезінде мекенжай анықтамасы талап етілмейді); 2) құжат үшін мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртекті (мемлекеттік баж төлеуден босатылған тұлғалар растайтын құжаттарын) ұсынады; 3) ХҚТ ТП арқылы азаматтар ұсынған немесе фотосалоннан алынған фотосуреттерді және мына құжаттардың біреуін ұсынады: туу туралы куәлік (16 жасқа толған соң жеке куәлік алу кезінде, 16 жасқа дейін паспорт алу кезінде); Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспорт ауыстырған кезде); Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (жеке куәлікті ауыстырған кезде, 16 жасқа толған кезде бірінші рет паспорт алған кезде); ішкі істер органдары беретін белгіленген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануға байланысты құжаттарды алған кезде); Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері берген қайтып оралу куәлігі (Қазақстан Республикасы азаматының паспортын шет елде уақытша жүргенде жоғалтқан кезде). Жеке куәлікке және (немесе) паспортқа ресімделген жағдайда өтініш беруші құжат ресімдеген кезіндегі жасына сәйкес келетін, қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, адамның бейтарап және аузын жауып түскен, беті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын мөлшері 3,5х4,5 см екі фотосурет ұсынады. Фотосуреттер фотобаспа әдісімен бір негативтен қалың фотоқағазға басылуы қажет. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді. Тұтынушы веб-портал арқылы жеке басын куәландыратын құжатты, құжат дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес олардың түрлерінің өзгеруіне байланысты ауыстыру үшін өтініш білдірген жағдайда электрондық сұрау салу сұрау салуды жіберген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады, графикалық файл түрінде көлемі 3,4х4,5см цифрлық фотосуреті және сканерлеген нұсқада 7х2см форматында жеке қолы бекітіледі. Мемлекеттік қызметті веб-портал арқылы алу үшін электрондық сұрау салынған жағдайда ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті веб-портал арқылы алу үшін осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес электрондық сұрау салудың нысаны толтырылады. Электрондық сұрау салуды қабылдау www.egov.kz веб-порталында «Электрондық қызметтер» бөлімінде жүзеге асырылады. Электрондық сұрау салудың үлгісі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің www.mvd.kz интернет-ресурсында орналастырылады. 12. ХҚТ ТП арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілер толтыру талап етілмейді. Қағаз тасымалдағыштар арқылы мемлекеттік қызмет алу кезінде Орталықтың инспекторлары жеке басты куәландыратын құжаттар алу үшін өтініш бланкілерін толтырады. Бланкілер Орталықтың инспекторларында болады. 13. Құжаттарды қабылдау мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Орталықтардың операциялық залдарында орналасқан ХҚТ ТП-ның жұмыс орындарында уәкілетті органның қызметкерлері жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1788 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 14. Тұтынушыға құжаттарды қабылдау түралы осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес өтінімді тіркеу талоны беріледі. Тұтынушының электрондық поштасына немесе веб-порталдағы Жеке кабинетіне тұтынушының мемлекеттік қызметті алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті ұсыну үшін өтінімді қабылдау туралы хабарлама жіберіледі. ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1788 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 15. Дайын құжаттарды беруді Орталық қызметкерлері тұтынушы жеке өзі келген кезде өтінімді тіркеу талонының негізінде жүзеге асырады. Веб-портал арқылы ресімделген дайын құжаттарды беруді тұтынушы жеке өтініш білдірген жағдайда хабарлама негізінде көші-қон полициясының қызметкерлері жүзеге асырады. 16. Тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуін ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
17. Уәкілетті органның және Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын сақтауға, қызметтік борышты орындау кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделген және сыпайылық, көрсетілетін қызмет туралы толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік қызмет көрсететін Көші-қон полициясы комитетінің және уәкілетті органдардың, мекемелердің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар мен жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметінің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Ішкі істер министрінің тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.
20. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және өтініштерді дайындауға жәрдемдесу үшін тұтынушы осы стандарттың 1-қосымшасында телефондары көрсетілген Орталық басшылығына жүгінеді. 21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті орган басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген. Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің атына демалыс және мереке күндерін, жұмыс күндері түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзілісті қоспағанда, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің телефоны мен мекенжайы осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген. 22. Орталық қызметкерлері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым Орталық басшысының немесе қарамағына Орталық кіретін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетіне беріледі. Орталықтар басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген. 23. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайда шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетінің электронды мекенжайына: migration.kz@mail.ru) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады. Қажет болған жағдайда тұтынушылар шағымға уәкілетті органдар ұсынған мемлекеттік қызметтердің сапасыздығын және Орталық қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсеткенін растайтын құжаттарын қоса береді. 25. Пошта және қолма-қол қабылданған шағымдарды растау оларды Орталық немесе уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтінішін журналға тіркеу болып табылады (мөр, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады). Тұтынушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді. Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады. Шағымның қаралу нәтижесі жөнінде тұтынушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады. 26. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Тәуелсізідік көшесі, № 1 үй, телефоны: 71-46-46, интернет-ресурсы: www.mvd.kz. 27. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8 үй, 14-кіреберіс, e-mail интернет-ресурсы: kagu-con@mci.gov.kz және «электрондық үкімет» 1414 Call-орталық нөмірі.
ҚР Үкіметінің 2012.29.12. № 1788 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсететін халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚО) тізбесі
«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер департаменттері басшыларының байланыс телефондары мен заңды мекенжайлары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |