Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияға (140.00-нысан) қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2010 жылғы 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады
ҚР Қаржы министрінің 2010.30.06. № 311 Бұйрығымен мәтіні бойынша «2010 жылдың 13 тамызына дейін» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарына дейін» деген сөздермен ауыстырылды, «2010 жылдың 13 тамызынан бастап» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларация) жасау (2010.30.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге арналған осы Ережеге қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 135-бабына сәйкес әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар жасайды. 2. Декларация осы Декларацияның өзінен (140.00 нысаны) тұрады. 3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды. 5. Осы Ережеде арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең. 6. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде « - » белгісімен белгіленеді. 7. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|