Павлодар қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы
Осы редакция 2010 жылғы 8 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ: 1. 2010-2012 жылдарға арналған Павлодар қаласының бюджеті тиісті 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін, соның ішінде 2010 жылға мынадай көлемдерде: 1) кірістер - 23 816 804 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 19 192 201 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 85 270 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 3 733 919 мың теңге; трансферттер түсімдері - 805 414 мың теңге. 2) шығындар - 23 086 804 мың теңге; 3) таза бюджеттік несиелендіру - нөлге тең; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - нөлге тең; 5) бюджет профициті - 730 000 мың теңге; 6) бюджет профицитін пайдалану - -730 000 мың теңге, соның ішінде: қарыздарды өтеу - 730 000 мың теңге. 2. 2010 жылға арналған Павлодар қаласының бюджетінде Павлодар қаласының бюджетінен облыстық бюджетке 13 236 964 мың теңге сомасында бюджеттік алуларды көздеу ескерілсін. 3. Павлодар қаласының 2010 жылға арналған бюджетін атқару процессінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін. 4. 2010 жылға арналған Павлодар қаласының бюджетінде өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру үшін 653 597 мың теңге сомасында облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер көздеу ескерілсін. 5. 2010 жылға арналған Павлодар қаласының бюджетінде жоғары тұрған бюджетке нысаналы ағымдағы трансферттер көздеу мынаған байланысты ескерілсін: бюджет саласында еңбекақы төлеу қорының өзгеруімен 290 229 мың теңге сомасында. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|