Табиғи монополиялар аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 19 маусымдағы № 139-НҚ және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 204 Бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою департаменті (М. Орынбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін: 1) оны белгіленген тәртіппен ресми жариялауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ресми сайтында орналастыруды қамтамасыз етсін; 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Е.К. Құдайбергеновке жүктелсін. 5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|