Қазақстан Республикасының
1-бап. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №16, 214-құжат; 1999 ж., №19, 646-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; 2001 ж., №23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., №14, 82-құжат; №23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., 17-құжат; №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №13, 87-құжат; 2007 ж., №3, 20-құжат; №19, 148-құжат; 2008 ж., №15-16, 64-құжат; №24, 129-құжат; 2009 ж., №11-12, 54-құжат; №13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) босатылу бағасы - реттелетін нарық субъектісі тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру және (немесе) өткізу үшін қолданатын оның бағасы;»; 7) тармақша «табиғи монополиялар» деген сөздерден кейін «және реттелетін нарықтар» деген сөздермен толықтырылсын; 12) тармақшаның екінші абзацындағы «үстем» деген сөз «Үстем» деген сөзбен ауыстырылып, «субъектілерінің» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын: «12-1) салыстырмалы талдау әдісі - өңірлік электр желісі компаниясы (бұдан әрі - өңірлік электр желісі компаниясы) болып табылатын табиғи монополия субъектісінің электр энергиясын беру және тарату бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне тариф қалыптастыру әдісі, ол уәкілетті орган және электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган қалыптастырған өңірлік электр желілері компанияларының тобындағы осы өңірлік электр желісі компаниясы қызметінің тиімділігін салыстыруды көздейді; 12-2) сараланған тариф - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған уәкілетті орган тұтынушылардың топтары және (немесе) тұтыну көлемдері бойынша саралап бекіткен тариф;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|