|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1217 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1217 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2337 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1217 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Астана
Мазмұны
1. Миссия және пайымдау 2. Ағымдағы ахуалды талдау 3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер 4. Министрліктің функционалдық мүмкіндіктері мен ықтимал қатерлер 5. Нормативтік құқықтық актілер 6. Бюджеттік бағдарламалар
I. Миссия және пайымдау
Миссия: ішкі және сыртқы нарықтардағы отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттігін үдемелі индустриялық-инновациялық саясат арқылы қамтамасыз ету және отандық тұтынушыны сапасыз өнімнен қорғау. Пайымдау: өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы қазақстандық өнімге деген отандық және шетелдік тұтынушылар сұранысының айтарлықтай ұлғаюымен сипатталатын экономиканы тиімді әртараптандыру.
2. Ағымдағы ахуалды талдау
1. Индустриялық даму
Инвестициялық қамтамасыз ету
Инвестициялар тарту және инвестициялық жобалар мониторингі
1993 жылдан бастап 2008 жылға дейінгі кезеңде ел экономикасына 69 млрд. АҚШ долл.-нан астам тікелей шетелдік инвестициялар1 тартылған. Негізгі инвестор елдер: АҚШ - (Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағынының жалпы көлемінен 23,2 %), Нидерланды - (15,8 %), Ұлыбритания - (8,6 %), Италия - (5,2 %), Франция - (4,7 %). ШИТ-тің салалық құрылымында көрсетілген кезеңде тау-кен өндіру өнеркәсібіне (56,3 %) және геологиялық барлау мен іздестіруге (22,7 %) инвестициялар басым болды. Экономиканың шикізаттық емес секторына тікелей шетелдік инвестициялар 13,6 млрд. АҚШ долл. (19,8 %) құрады, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпке 6,6 млрд. АҚШ долл. (9,5 %). 2007 жылы Қазақстанға салынған инвестициялар көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 10,5%-ға ұлғайды және 27 млрд. АҚШ долл. жетті. 2007 жылы тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың салалық құрылымында барынша қомақты үлес геологиялық барлау мен іздестіруді жүргізу қызметіне - 6,6 млрд. АҚШ долл. немесе 36 %, тау-кен өндіру өнеркәсібіне - 5,4 млрд. АҚШ долл. немесе 29,2 % тиесілі. Шикізаттық емес секторға 3 млрд. АҚШ долл. немесе шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің 16,2 %-ы, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпке 1,06 млрд. АҚШ долл. немесе 2007 жылы тартылған барлық тікелей шетелдік инвестициялардың 5,8 %-ы тартылған. 2007 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 2006 жылмен салыстырғанда 60,5 %-ға ұлғайып, 17,5 млрд. АҚШ долл. құрады. Технологиялық салалардың негізгі құралдарына инвестициялар бірліктерді және шикізат саласына инвестициялардың пайыздық үлесін құрады, бұл экономиканың шикізаттық ауытқуын туғызды және шикізаттық емес салалардың жай-күйін одан әрі нашарлатты. Технологиялық өндірістердің құлауының негізгі себебі өндірілетін өнімнің ескірген технологияларға, жабдықтарға негізделген бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, нарық талаптарын қанағаттандырмайтын кадрлардың біліктілігінің төмендігі болды. Ұзақ мерзімді бағдарламалық құжаттарды Қазақстан аумағында жоғарғы қосылған құны өндірістерді құру арқылы іске асыруға болады. Жаңа өндірістерді құрған кезде Қазақстанда бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды және экономиканың шикізаттық емес секторларында, оның ішінде қазақстандық тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің экспортына ықпал ететін инфрақұрылымды және капиталды дамыту мен құруға байланысты жобаларға басымдық беріледі. ------------------- 1Бұл жерде және бұдан әрі мәтін бойынша шетелдік инвестицияларды шикізаттық емес секторға тарту қаржылық қызметті және жылжымайтын мүлікпен, жалға беру/алумен кәсіпорындар қызметтерін есепке алусыз қабылданады.
Қазақстан экономикасының басым салаларына инвестицияларды мемлекеттік қолдау
Экономиканың басым салаларына бағытталған инвестицияларды мемлекеттік қолдау «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген және инвестициялық преференцияларды беру арқылы жүзеге асырылады. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шеңберінде инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға өтініш берілген инвестициялардың жалпы 2984,4 млрд. теңге сомасына барлығы 425 келісім-шарт жасалды. 2006 жылы - өтініш берілген инвестициялардың жалпы 163 млрд. теңге сомасына 99 келісім-шарт, 2007 жылы - өтініш берілген инвестициялардың 245,0 млрд. теңге сомасына 102 келісім-шарт, 2008 жылы - өтініш берілген инвестициялардың 2283,5 млрд. теңге сомасына 107 келісім-шарт. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген жобаларды іске асыру нәтижесінде салынған нақты инвестициялар көлемі барлығы 4437,1 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде жылдар бойынша: 2006 жылы - 1166,5 млн. АҚШ доллары; 2007 жылы - 1093,2 млн. АҚШ доллары; 2008 жылы - 2177,4 млн. АҚШ доллары; Инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласындағы негізгі проблема инвестициялар тарту мәселесінде инвестициялық преференциялар институты рөлінің төмендеуі болып табылады. Көптеген жағдайда инвестициялық преференциялар инвестицияларды жүзеге асыру туралы шешім қабылдауға ынталандырушы әсер етпейді, тек қана оларды инвесторлар инвестициялық жобаны іске асыру кезіндегі шығындарды төмендетудің қосымша тәсілі ретінде қолданады.
Қаржы құралдарын жобаларды қаржыландыруға пайдалану үшін тарату
Қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Қаржы құралдарының кең спектрін пайдалану жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді. Инвестицияларды, оның ішінде шетелдік реттеу саласындағы айтарлықтай өзгерістерге қарамастан, ең бірінші инвестициялар тарту, сондай-ақ инвестициялық инфрақұрылымдарды жақсарту мақсатында қаржы құралдарын (венчурлік қаржыландыру, инвестициялық қаржыландыру, стратегиялық серіктестік, қаржылық лизинг және басқалары) таңдау және оны қолдануды негіздеу проблемасының пысықталмағандығы екендігін атап кету керек.
Инвестициялар саласындағы негізгі проблемалар
Экономиканың шикізаттық емес секторының инвестициялық тартымдылығының жеткіліксіздігі (әкімшілік кедергілер, дамымаған көліктік және коммуникациялық инфрақұрылым, білікті жұмыс күшінің жеткіліксіздігі, қазақстандық нарық сыйымдылығының төмендігі); отандық өндірушілерді қолдау мен қорғау тетігінің жеткіліксіз дамуы; инвестициялар салудың әлеуетті нарықтары мен шетелдік компаниялар үшін осы нарықтарға шығу тәсілдері туралы жеткілікті ақпараттың болмауы.
Өңірлік индустриялық жобаларды үйлестіру
Қазақстанның Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясына және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық дамуының стратегиясына сәйкес 2006 - 2008 жылдары елдің 7 макроөңірлерінде 7 әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құрылды: Сарыарқа - «Сарыарқа» ӘКК ҰК» АҚ, Жетісу - «Жетісу» ӘКК ҰК» АҚ, Ертіс - «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ, Солтүстік - «Тобыл» ӘКК ҰК» АҚ, Каспий - «Каспий» ӘКК ҰК» АҚ, Оңтүстік - «Оңтүстік» ӘКК ҰК» АҚ, Орал - «Батыс» ӘКК ҰК» АҚ. ӘКК құрудың бірінші кезеңде қажетті нормативтік-құқықтық базасы, оның ішінде Өңірлік ӘКК құру тұжырымдамасы, ӘКК миссиясы, міндеттері мен функциялары айқындалған ӘКК қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдар және басқалары құрылды. Осы құжаттарға сәйкес ӘКК миссиясы мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлік тәсілдің негізінде бірыңғай экономикалық нарық құру жолымен өңірлердің экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады. ӘКК - бұл жобалардың генераторының рөлін орындайтын, оларды іске асыру үшін инвестициялар тарататын игерілмеген жерлердегі учаскелері мен кен орындарын қоса алғанда берілген мемлекеттік активтерді басқаратын өңірлік даму институттары. ӘКК қызметін үйлестіру (стратегиялық жоспарларды бекіту, қызмет мониторингі және басқалар) өнеркәсіптегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін ӘКК-нің барлық жобалары бойынша деректерді есепке алумен, өңдеумен айналысатын арнайы ұйымдарды жұмысқа тарта отырып, корпоративтік басқарудың бірыңғай жүйесі есебінен жүргізіледі. ӘКК-ге өз миссиясын жүзеге асыру мақсатында мына мемлекеттік активтер берілді: жер, жер қойнаулары, мемлекеттік меншіктер, ақшалай қаражат. ӘКК келісілген инвестициялық жобаларды дайындау және іске асыру арқылы индустриялық бағдарламаның жүргізушілері, сондай-ақ ШОБ дамытудың әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейлі экономикалық және коммерциялық негізделген тәсілдерінің негізінде мемлекеттік-жеке кәсіпкерлік шеңберінде тиімді өңірлік қаржылық құрал болуы тиіс. Елдің орнықты экономикалық өсімін және бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ететін теңгерімді экономикалық құрылымға өтудің стратегиялық міндетін өнеркәсіпті белсенді құрылымдық қайта құру және экономикалық дамуға жаңа сапа беру жолымен шешуге болады. Сондықтан мемлекет өз күшін экономиканы одан әрі әртараптандыру және әлемдік шаруашылық жүйесіне үйлесімді ықпалдасу үшін жағдай жасауға шоғырландырды. Бұл саясаттың негізгі құралы өңдеуші сектордың дамуын ілгерілетуге және осының негізінде бір жақты шикізаттық бағдарды бірте-бірте еңсеруге бағытталған 2003 - 2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы (бұдан әрі — Стратегия) болып табылады. Өңдеуші өнеркәсіпте 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін км дегенде 3 есе ұлғайту және ЖІӨ-нің энергияны қажетсінуін 2 есе азайту Стратегияны іске асрудың тірек көрсеткіштері ретінде таңдалып алынды. Жүргізілген талдау бұл мақсаттарға қол жеткізуге болатынын көрсетеді және ағымдағы сәтте болжамды көрсеткіштерді басып озу байқалып отыр. Стратегияның 1-кезеңінде (2003 - 2005 жылдар) одан әрі технологиялық дамудың жүйелік мәселелері шешілді. Жасалған талдау ұмтылған жоспарлардың және бағдарламалық құжаттың болжамды сандық көрсеткіштерінің орындалғанын сипаттайды: заңнамалық және нормативтік база дайындалды (30-ға таяу заң), салаларды дамытудың негізгі бағдарламалары қалыптасты (30-дан астам бағдарлама) және өндірістер факторларды дамытудың жүйелік мәселелері шешілді; жаңа институционалдық негіз қалыптасты (даму институттары, ӘКК, холдингтер, Ғылым қоры және тағы басқалары); пилоттық жобаларды іске асыру және қамтамасыз етуші инфрақұрылымды (кластерлер, технопарктер, АЭА, индустриялық аймақтар) салу басталды. Стратегияны іске асырудың 2-кезеңінде немесе «белсенді іске асыру сатысы» (2006 - 2010 жылдар) кезеңінде өнеркәсіпті жаңғырту және экономиканы әртараптандыру жөніндегі жобаларды іске асыру бойынша нақты міндеттер қойылады. Сондықтан ағымдық қызметтің өзекті бағыты басым салаларда өңдеуші технологиялық өндірістер құру болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бизнесті дамытуға арналған, атап айтқанда салық жеңілдіктері мен кедендік преференциялар берілетін қолайлы жағдайлар құрылатын аумақтар — арнайы экономикалық аймақтарды ұйымдастыру барынша тиімді ынталандыру тетіктерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты арнайы салықтық және кедендік режимі бар АЭА құру және қажетті инфрақұрылымдық ресурстармен қамтамасыз ету отандық экспорт тауарларын қайта бөлуді тереңдету, қосылған құны жоғары өндірістер мен Қазақстанның көліктік әлеуетін дамыту көзқарасы бойынша перспективалық болып табылады. Шекара маңы өңірлерінде арнайы экономикалық аймақтар құру айрықша тартымды болып табылады, өйткені бұл жағдайда аймақ шегінде трансшекаралық аумақтың барлық ерекше проблемаларын іс жүзінде шешуге болады. Стратегияда көзделген мақсаттарға қол жеткізу, инвестициялық және инновациялық жобалардың тиімділігін арттыру әрі оларды жедел жылжыту үшін өнеркәсіпте жаңа активтер құру, жаңа технологиялар мен инновациялар енгізу, сондай-ақ өнеркәсіптегі шағын және орта кәсіпорындар үлесін ұлғайту үшін даму институттары қарастыратын жобаларды қолдау жөніндегі жұмысты үйлестіру қажет. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 6 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. «Ақтау» теңіз порты» мен «Астана - Жаңа қала» АЭА ойдағыдай жұмыс істеуде. «Ақпараттық технологиялар паркі» мен «Оңтүстік» АЭА - қалыптасу процесі үстінде. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» және «Бурабай» АЭА-ның қызметін қамтамасыз ету үшін АЭА-ның әкімшілігі, кеден және салық органдарының аумақтық бөлімшелері сияқты қажетті жағдайлар қалыптастырылуда. Бұл АЭА-лар алдында ауқымды және нақты міндеттер қойылған. Оларды шешу өңірлердің экономикалық әлеуетін іске асыруға, инвестициялық және бизнес-ахуалды жақсартуға ықпал ететін болады. Сондай-ақ 2 жаңа: Қорғас -Шығыс қақпасы, Достық АЭА құру болжануда. Жасалған талдау бұл аймақтардың жұмыс істеуінің оң тиімділігін көрсетіп отыр. Мысалы, салық пен кедендік жеңілдіктер беру және инфрақұрылым мен қамтамасыз ету есебінен: «Астана - жаңа қала» АЭА-де қазіргі кезде 857 млрд. теңге (6,8 млрд. АҚШ доллары) тартылып, оның ішінде 60 %-ы жеке инвестициялар, 136 объекті пайдалануға берілді; «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА-де қазірдің өзінде 29 компания жұмыс істейді, ал өндірілетін өнімнің жалпы көлемі шамамен 1 млрд. теңгені құрайды. «Ақтау» теңіз порты» АЭА-де 348 млн. АҚШ доллары сомасына үш зауыт салынып, 1163 жұмыс орны құрылған, сондай-ақ 10 инвестициялық жоба іске асырылуда. «Оңтүстік» АЭА-де АЭА аумағында 5 инвестициялық жобаны іске асыру басталды, олар: «Мақта өнеркәсіп целлюлоза» ЖШС, «Ютекс - KZ» ЖШС, «Oxy Textile» ЖШС, «Есенжол-Назар» ЖШС, «Орта Азия Тоқыма Санаи» ЖШС. Сонымен қатар, АЭА-ның тиімді жұмыс істеуі бөлігінде АЭА құру және жұмыс істеуі саласында нақты мемлекеттік саясаттың болмауына және АЭА аумағына салықтық жеңілдіктерді беру бөлігінде салықтық заңнаманың жетілдірілмеуіне байланысты проблемалар бар.
Экономиканың өңдеуші салаларын дамыту
2007 жылы отандық өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 4,5 %-ға өсті және шамамен 64 млрд. АҚШ долл. жетті. Өңдеуші өнеркәсіпте екінші жыл қатарынан (2006 - 2007 жылдар) өңдеуші өнеркәсіптегі өсу қарқыны тау-кен өндіру өнеркәсібіне қарағанда айтарлықтай жоғары болды. 2007 жылы өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 6,7 %-ға ұлғайды, бұл ретте тау-кен өндіру өнеркәсібінде бұл көрсеткіш - тек қана 2,6 %-ды құрады. Құрылыс индустриясында және құрылыс материалдары өндірісінде: 2007 жылы құрылыс материалдары өндірісінің өсімі 2006 жылғы осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда орташа есеппен 26,7 %-ды құрады, ақшалай көріністе құрылыс индустриясы кәсіпорындары 321,4 млрд. теңге сомасына өнім шығарды. Құрылыс материалдарын отандық өндірушілер өнімнің көлемі, номенклатурасы бойынша құрылыс саласының қажеттілігін толық мөлшерде қанағаттандырып отырмағанын атап кету қажет. Құрылыс материалдарына қажеттілік көлемі 2007 жылы - 565 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, отандық өндіріс 57 %-ды құрады. 2007 жылы 2,2 млрд. АҚШ долларына құрылыс материалдары импортталды. Жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібінде. 2007 жылы 2006 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстарғанда тері, теріден жасалған бұйымдар өндірісінде және аяқ киім өндірісінде - 47,6 %-ға, сурек өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар өндірісінде - 12,3 %-ға, целлюлозалық-қағаз өнеркәсібі және баспахана ісінде - 4,5 %-ға, жиһаз өндірісі кіретін өнеркәсіптің өзге салаларында - 18,4 %-ға өсім байқалды. Өндірістің 15,3 %-ға құлдырауы тоқыма және тігін өнеркәсіптерінде болды. 2008 жылы 2007 жылғы осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда тоқыма және тігін өнеркәсібі өнімдері өндірісінде - 13,6 %-ға; сүрек өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар өндірісінде - 10,2 %-ға, тері, теріден жасалған бұйымдар өндірісінде және аяқ киім өндірісінде - 63,7 %-ға өсім байқалды. Өндірістің 4,4 %-ға құлдырауы целлюлозалық-қағаз өнеркәсібі және баспахана ісінде болды.
Индустриялық даму саласындағы проблемалар
Өңдеуші сектор өнімінің бәсекеге қабілетінің төмендігі; кәсіпорындардың технологиялық деңгейінің төмендігі, жабдықтардың мүлде тозуы мен моральдық ескіруі; айналым қаражатының жеткіліксіздігі мен төменгі пайыздық ставкасы бар ұзақ кредиттерге қол жетпеушілік; отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейінің төмендігі; өңдеуші өндірісті дамыту үшін салық, кеден заңнамаларындағы ынталандырудың әлсіздігі.
2. Инновациялық даму
Ұлттық инновациялық жүйе қалыптастыру
Отандық өнеркәсіптің өнімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыруда табыстылықтың айқындаушы факторы инновациялық қызмет, отандық және шетелдік әрі ғылыми-техникалық пен технологиялық әлеуетті пайдалану және оның негізінде бәсекеге қабілетті өндірісті құру болып табылады. Инновациялық даму саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеті ұлттық инновациялық жүйенің мынадай: ғылыми әлеует, инновациялық инфрақұрылым, қаржылық инфрақұрылым, инновациялық кәсіпкерлік сияқты негізгі элементтерін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Министрлік инновациялық дамыту саласындағы уәкілетті орган ретінде мемлекеттің, жеке бизнес пен азаматтық қоғамның басымдықтарын инновациялық қызметті жандандыру және әлемдік экономикадағы қазіргі уақыттағы өзгерістер жағдайында елдің технологиялық деңгейін арттыру басымдықтарын уақтылы қайта бағдарлау бойынша шаралар қабылдайды. Заңнамалық базаны жетілдіру шеңберінде «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жүзеге асырылуда. Заң жобасы негізгі қызметі инновациялық саланы дамытуға бағытталған әртүрлі заңды тұлғалардың мүдделерін кеңейтетін нормаларды көздейді. Атап айтқанда, ол мынадай даму институттарына: «Инжиниринг және технологиялар трансферті» АҚ-ға, «Ғылым қоры» АҚ-ға және «ҚазАгроИнновация» АҚ-ға қатысты болады. Заң жобасының тағы бір сипатты ерекшелігі инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін және республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын Инновациялық дамыту шараларының кешенін қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады. Инновациялық дамыту шараларының кешенін инновациялық қызмет саласындағы уәкілетті орган қалыптастырады және инновациялық даму институттары іске асыратын болады. Заңнамалық және атқарушылық билік органдары өкілдерінің бизнес және ғылыми ортаның мүдделі өкілдерімен тығыз ынтымақтастығы кезінде жоспарланған міндеттер мен әзірленген нормативтік-құқықтық актілерді іске асыру экономиканың нақты секторында инновациялық белсенділікті арттырады, бұл ел экономикасын инновациялық дамудың жаңа жолына шығаруға мүмкіндік береді. Ұлттық инновациялық жүйенің негізгі элементтерін қалыптастырудың 1-кезеңінде (2005 - 2007 жылдар) Ұлттық инновациялық қорды, Ғылым қорын, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығын, 8 өңірлік технопарктерді, 11 отандық және шетелдік қорларды қамтитын қаржылық және инновациялық инфрақұрылым құрылды. «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ «ИТТО» АҚ-ға ұлттық инновациялық жүйеде инновациялық құрылымды қалыптастыру мен даму жөніндегі үйлестіруші рөлі берілді. Осыған байланысты «ИТТО» АҚ өзіне ҰАЖ және ҒЗТҚЖ нәтижелерін дайындау элементі ретінде де және арнайы экономикалық аймақ, индустриялық аймақ және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар негізінде инновациялық өндірісті тәжірибелік құру элементтері ретіндегі технопарктер кіретін бірыңғай ұлттық инновациялық құрылымды құру жөніндегі бағытталған жұмысты жүргізеді. Бүгінгі күні Алматы, Қарағанды және Орал қалаларында 3 өңірлік технопарктер құрылды. Өңірлік технопарктер өңірлерде жеткілікті түрде дами қоймаған зертханалық кешен, оқыту орталықтары қызметтерін, технология трансферттері, инжиниринг және т.б. бойынша қызметтер көрсетеді. Қазіргі уақытта, ТЭН әзірленді және Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласында терт өңірлік технопарктерді құру жөніндегі жұмыс басталды. Бұдан басқа, «ИТТО» АҚ-ға берілген «Ақпараттық технология паркі» АЭА-ның және ҚАЗҒТУ технопаркі активтері республикадағы инновациялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі институттың басым мүмкіндіктерін кеңейтті. «ИТТО» АҚ-да ақпараттық алмасуды кеңейту және серпінді технологиялар трансфертін жүзеге асыру мақсатында Қазақстандық технологиялар трансферттері желісі (ҚТТЖ) құрылды. Қазіргі уақытта ҚТТЖ Ресей және Белоруссияның технологиялар трансферті желілерінің сертификатталған мүшесі болып табылады және олардың сайттарында өз клиенттерінің әзірлемелерін орналастыру мүмкіндігіне ие. ҚТТЖ бұдан әрі Еуропалық технология трансферттері жүйесіне кіретіні болжанады. Құрылатын Инновация және патенттер банкі ҚТТЖ-ның басым мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Қаржылық даму институттары. «Ұлттық инновация қоры» АҚ 2003 жылы негізгі мақсаты елде инновациялық белсенділікті арттыруға ықпалдасу және жоғары технологиялық әрі ғылымды қажетсінетін технологияларды дамыту болып табылатын Стратегияны іске асыру шеңберінде құрылды. Жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін технологияларды дамыту мақсатында Қор мына міндеттерді кеңейтуге бағытталған еліміздің венчурлік индустриясын қалыптастыру және дамыту бойынша қызметті жүзеге асырады: экономиканың инновациялық секторына коммерциялық инвестицияларды тарту және тепе-тең бақылауды қамтамасыз ету; жаңа өндірістік қуаттарды игеру, жаңа жұмыс орындарын құру; отандық әзірлемелерді коммерциялау және нәтиже ретінде инновациялық өнімнің отандық нарығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру. 2008 жылғы 30 қарашадағы жай-күй бойынша Қорға барлығы 502 жоба түсті, оның ішінде: 147 инвестициялық жобалар, 351 ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық әзірлемелер, 4 жоба жыл сайынғы NIF$50К конкурсының жеңімпаздарынікі. 2008 жылғы 30 қарашадағы жай-күй бойынша тау-кен өндіру, мұнай-газ, химия және медицина өнеркәсібі, машина жасау, ауыл және орман шаруашылығы, ақпараттық технология аясы, құрылыс, металлургия тәрізді салаларда 29 ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық әзірлемелер және 5 инвестициялық жобалар аяқталды. Қор өз қызметі уақытында 6 қазақстандық венчурлік қорларды құрды: 1. «ВФ Адвант» АҚ - фармацевтика және биотехнология; 2. «АИФРИ «Сентрас» АҚ - әртүрлі салалар; 3. «ФВТ Арекет» АҚ - старт-ап компанияларындағы инвестициялар; 4. «Glotur Technology Fund» АҚ - ақпараттық технологиялар; 5. «Almaty Venture Capital» АҚ - құрылыс материалдары және технологиялар; 6. «LogyCom» АҚ - ақпараттық технологиялар. 2008 жылғы 30 қарашадағы жай-күй бойынша жергілікті венчурлік қорлар жалпы сомасы 9,0 млрд. теңге 16 жобаны қаржыландыруда, Қор үлесі 3,7 млрд. теңгені құрайды. Отандық венчурлік қорлардың жұмыс тиімділігін бағалау үшін кезең ішінде тартылған жобалар және инвестициялардың өсу саны бойынша Тиімділіктің басым көрсеткіштері әзірленді, келісілді және бекітілді. Отандық өндіріске қазіргі технологияларды дамыту және енгізу үшін Қор 5 шетелдік венчурлік қорлар акционері болды. Бұдан басқа, отандық және шетел инвесторларын тартумен қазақстандық венчурлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі бағдарламаны іске асыру үшін инвестициялау географиясы бар, ҚР аумағында шектелмеген отандық және шетел инвесторлары бірлесіп 10 жылдық өмір сүру мерзімі мен 2010 жыл ішінде 2 венчурлік қорды құру жоспарлануда.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |