Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамытудың кейбір мәселелері туралы (2008.26.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 10 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметін ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындар кейіннен олардың мемлекеттік қатысу үлестерін тиісті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге бере отырып, мемлекет жарғылық капиталына жүз пайыз қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) үш ай мерзімде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын; ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 640 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) екі ай мерзімде осы қаулыға 2-қосымшаның 41-тармағында көрсетілген 2009 жылы беруге жататын республикалық меншіктің жылжымайтын мүлік объектісін қоспағанда, осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық меншік объектілерін және 3-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін берілетін объектілердің орналасқан жері бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге беру жөнінде шаралар қабылдасын; 3) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды кейіннен хабардар ету мақсатында жекешелендіру үшін ұсынылатын республикалық меншік объектілері туралы ақпараттың Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне тұрақты ұсынылуын қамтамасыз етсін; 4) мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың республикалық меншік объектілерін алуға арналған өтінімдерін қарауды қамтамасыз етсін және өтінімдер бойынша оң шешім қабылданған жағдайда екі ай мерзімде заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншік объектілерін тиісті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге беру жөнінде шаралар қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес кен орындары бойынша өтінімдер берілген күннен бастап екі ай мерзімде заңнамада белгіленген тәртіппен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнінде тікелей келіссөздер жүргізсін. 4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері: 1) екі ай мерзімде осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың кейіннен оларды республикалық меншікке бере отырып, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін; 2) бір ай мерзімде осы қаулыға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес коммуналдық меншік объектілерін республикалық меншікке беру жөнінде шаралар қабылдасын; 3) әкімдіктерге кең таралған пайдалы қазбалар бойынша өтінімдер берілген күннен бастап екі ай мерзімде осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнінде тікелей келіссөздер жүргізсін; 4) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігін мыналар: жекешелендіруге, сенімгерлікпен басқаруға және жалға беруге ұсынылатын коммуналдық меншік объектілері туралы; әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды кейіннен хабардар ету мақсатында жер қойнауын пайдалану құқығын беру болжанатын кен орындары туралы; мемлекеттік жер пайдаланушыларға, азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ өсіру, саяжай және жеке тұрғын үй құрылысы, бау-бақша мен жеке ауланы ұстау үшін; заттай гранттар ретінде; арнайы экономикалық аймақтарға жер учаскелерін беру жағдайларын қоспағанда, жер пайдалануға (меншікке) беруге ұсынылатын жер учаскелері туралы; 5) бір ай мерзімде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жалпы таралған пайдалы қазбалардың жер қойнауын пайдалану құқықтарын алуға арналған өтінімдерін қарауды және оң шешім қабылданған жағдайда екі ай мерзімде тікелей келіссөздер жүргізу жолымен жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтарын беруді қамтамасыз етсін; 6) екі ай мерзімде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жер учаскелеріне (мемлекеттік жер пайдаланушыларға; азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ өсіру, саяжай және жеке тұрғын үй құрылысы, бау-бақша мен жеке ауланы ұстау үшін; заттай гранттар ретінде; арнайы экономикалық аймақтарға жер учаскелерін беру жағдайларын қоспағанда) жер пайдалану (меншік) құқықтарын алуға арналған өтінімдерін қарауды қамтамасыз етсін және оң шешім қабылданған жағдайда екі апта мерзімде акцияларды кейіннен республикалық меншікке бере отырып, тиісті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталына ақы төлеуге оларды беру жөнінде шаралар қабылдасын. ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 640 қаулысымен 4-1-тармақпен толықтырылды 4-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, осы қаулының 4-тармағының 1), 2) тармақшаларынан туындайтын шараларды қабылдасын; 2) осы қаулыға 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес оларды республикалық меншікке қабылдағаннан кейін тиісті әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге беруді қамтамасыз етсін. ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 640 қаулысымен 4-2-тармақпен толықтырылды 4-2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті осы қаулының 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сатып алынған акциялардың пакеттерін республикалық меншікке қабылдасын. 5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өкілдерінің жер учаскелерін және кең таралған пайдалы қазбалардың жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру жөніндегі комиссиялардың құрамдарына енгізілуін қамтамасыз етсін. 6. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға мемлекеттік меншік объектілері, жер учаскелері мен кен орындары жөнінде ақпарат берілуін қамтамасыз етсін. 7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін. 9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1403 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Кейбір акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 қазандағы № 1020 қаулысында: акцияларының мемлекеттік пакеттері «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесіндегі 17-тармақ алынып тасталсын. 2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 274 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы № 22 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 10-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «ӘКК» ҰК» АҚ барлауды, өндіруді және қайта өңдеуді жүзеге асыра алатын пайдалы қазбалар, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемінің тізбесі мынадай мазмұндағы 20, 21, 22, 23, 24 және 25-тармақтармен толықтырылсын:
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 320 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 мамырдағы № 376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 14, 168-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Оңтүстік» «ӘКК» ҰК» АҚ, «Ертіс» «ӘКК» ҰК» АҚ және «Жетісу» «ӘКК» ҰК» АҚ барлауды, өндіруді және қайта өңдеуді жүзеге асыра алатын пайдалы қазбалар, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемінің тізбесі мынадай мазмұндағы 20, 21, 22, 23, 24 және 25-тармақтармен толықтырылсын:
4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат): 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөлімдегі 8-тармақ алынып тасталсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөлімдегі 2-тармақ алынып тасталсын; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) бәсекелі ортаға берілуі тиіс акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. «Қарағанды полиграфия» акционерлік қоғамы 49%»; 4) көрсетілген қаулымен бекітілген Бәсекелі ортаға берілуі тиіс республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі мынадай мазмұндағы бөліммен және 23-тармақпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 23. «Елорда» баспасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны». 5. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 407 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 қыркүйектегі № 818 қаулысында: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Каспий» «ӘКК» ҰК» АҚ, «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ және «Батыс» «ӘКК» ҰК» АҚ барлауды, өндіруді және қайта өңдеуді жүзеге асыра алатын пайдалы қазбалар, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемінің тізбесі мынадай мазмұндағы 20, 21, 22, 23, 24 және 25-тармақтармен толықтырылсын:
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтыруларда: 1-тармақтың үшінші, бесінші абзацтарындағы «384-4», «299-10» деген сандар тиісінше «236-8», «229-10» деген сандармен ауыстырылсын.
Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1403 қаулысына 1-қосымша
Мемлекеттік қатысу үлестерін кейіннен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге бере отырып, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылуға жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 640 (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.26.12. № 1270 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 2-қосысша өзгертілді
Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1403 қаулысына 2-қосымша
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін республикалық меншік объектілерінің тізбесі
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1270 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1403 қаулысына 3-қосымша
Акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесі
ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 640 қаулысымен 4-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1403 қаулысына 4-қосымша
Жер қойнауын пайдалану құқықтары тікелей келіссөздер жүргізу жолымен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға беруге жататын қатты пайдалы қазбалар кен орындарының тізбесі
«Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ
Ақтөбе облысы бойынша: 1. Көкбұлақ темір рудаларының кен орны; 2. Жыланды калийлі тұзы кен орны; 3. Қопа кирлі және битуминозды жыныстар кен орны; 4. Дөңгелексор кирлі және битуминозды жыныстар кен орны; 5. Алашқазған кирлі және битуминозды жыныстар кен орны; 6. Ақшоқы кирлі және битуминозды жыныстар кен орны; 7. Жайсаң қоңыр көмір кен орны; 8. Мамыт қоңыр көмір кен орны; 9. Алтынтас вермикулит рудаларының кен орны; 10. Қурайлы жер асты сулары кен орны. 10-1. Қарағанды сай марганец рудаларының кен орны; 10-2. Көкпекті марганец рудаларының кен орны; 10-3. Өлетті марганец рудаларының кен орны; 10-4. «Авангард» мыс кен орны; 10-5. Көкжарлы мыс кен орны; 10-6. «Жарлыша» мыс кен орны; 10-7. Жыланды мыс кен орны; 10-8. Сарлыбай мыс кен орны.
Батыс Қазақстан облысы бойынша: 10-9. Шалқар тұз құрылымы;
«Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ
Шығыс Қазақстан облысы бойынша: 11. «Құмды» шашыранды титан рудаларының кен орны; 12. «Путинцевское» қорғасын-мырыш кен орны. Павлодар облысы бойынша: 13. Сувенир қорғасын-мырыш рудаларының кен орны; 14. «Майқайың Е» қорғасын-мырыш рудаларының кен орны.
«Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ
Алматы облысы бойынша: 15. Боғыты вольфрам рудаларының кен орны; 16. Ойқарағай қоңыр көмір кен орны; 17. «Көлжат» қоңыр көмір кен орны.
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ
Маңғыстау облысы бойынша: 18. ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 640 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 19. Қызылқаспақ-Айыржал көмір кен орны. 19-1. «Бескемпір» темір рудаларының кен орны.
Атырау облысы бойынша: 20. Индер бром кен орны; 21. Ақши кирлі және битуминозды жыныстар кен орны; 22. Көлжан кирлі және битуминозды жыныстар кен орны.
«Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша: 23. Леңгір көмір кен орны; 24. Иірсу темір рудасы кен орны; 25. Абайыл темір рудасы кен орны.
Жамбыл облысы бойынша: 26. Бурылтас қорғасын-мырыш рудаларының кен орны.
«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ
Қарағанды облысы бойынша: 27. Шөптікөл мыс және полиметалдар кен орны; 28. Батыстау вольфрам және полиметалдар кен орны; 29. Бестөбе полиметалдар кен орны; 30. Қужал полиметалдар кен орны; 31. Алашпай полиметалдар кен орны; 32. Орта Қытай темір марганец рудалары кен орны; 33. Қытай темір марганец рудалары кен орны; 34. Байназар вольфрам кен орны; 35. Шұбаркөл Орта және Төменгі көкжиек көмір кен орны; 36. Алайғыр волластонит кен орны; 37. «Сюрприз» волластонит кен орны; 38. Құбасадыр нефелин сиениттері кен орны; 39. Қызылтал қоңыр көмір кен орны; 40. Жалын көмір кен орны. 40-1. Қарағанды көмір бассейнінің «Долинская» шахтасы.
«Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ
Қостанай облысы бойынша: 41. Ломоносов темір кен орны. 41-1. Приозерный боксит кен орны; 41-2. Құшмұрын боксит кен орны; 41-3. Көктал боксит кен орны; 41-4. Батыс-Обаған кен орны; 41-5. Тарутинск мыс-порфир рудаларының кен орны.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша: 42. Славян ұсақ тау жыныстары, титан-цирконий рудаларының кен орны.
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1270 Қаулысымен 5-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1403 қаулысына 5-қосымша
Республикалық меншікке кейіннен бере отырып жауапкершілігі шектеулі серіктестігі етіп қайта қүру жолымен қайта |