Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік (2008.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1345 Қаулысымен тақырып жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1345 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара) Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берілiп отырған: 1) ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1345 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2) ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1345 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген өлшемдерi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі осы қаулыны iске асыру үшiн қажеттi шараларды қабылдасын. 3. ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1345 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерінің күшi жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1345 Қаулысымен Ереже алып тасталды (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өту және рұқсат құжаттарын беру ережесi
ҚР Үкіметінің 24.12.03 ж. № 1306; (бұр. ред. қара); 2005.20.01 № 39 қаулыларымен өзгеріс енгізілді ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1345 Қаулысымен алым ставкалары алып тасталды (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүріп өтуi үшін алынатын алым ставкалары
?кіметінің 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген өлшемдерi 1. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдерi 1. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерi мен басқа да сызықтық мөлшерлерi төменде келтiрiлген (метрмен) шамадан аспауы тиiс: 1) рұқсат етiлген ұзындығы: жүк автомобилi 12 автобус 12 тiркеме 12 бiрiктiрілген көлiк құралы 20 бiрiктiрiлген автобус 18 автопоезд 20; 2) рұқсат етiлген енi: барлық автокөлiк құралдары 2,55 автокөлiк құралдарының изотермиялық қораптары 2,6 3) рұқсат етiлген биiктiгi 4. 2. Осы бөлiмнiң 1-тармағында көрсетiлген автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген мөлшерлерi өзiне контейнерлердi қоса алғанда, алынатын қораптардың және жүктерге арналған ыдыстардың өлшемдерiн қамтиды. 3. Қозғалыс кезінде автокөлiк құралы, сыртқы радиусы 12,5 метрмен және iшкi радиусы 5,3 метрмен шектелген кеңiстiк шегiнде бұрылу мүмкіндiгiн қамтамасыз етуi тиiс. 4. Тiркеу құрылғысы iлмегiнің білігi мен бiрiктiрiлген автокөлiк құралының артқы жағы арасындағы рұқсат етiлген ара қашықтық 12 метрден аспауы тиiс. 5. Сүйрегiштiң артқы жағы мен тiркеменің алдыңғы жағы арасындағы ара қашықтықты шегергенде, қораптың немесе кабинаның сыртындағы жүктi орнатуға арналған платформаның алдыңғы сыртқы нүктесiнен тiркеменiң артқы сыртқы нүктесiне дейін, автопоездың бойлық білігiне қатар өлшенген, рұқсат етiлген ара қашықтық 17 метрден аспауы тиiс. 6. Қораптың немесе кабинаның сыртындағы жүктi орнатуға арналған платформаның алдыңғы сыртқы нүктесінен жартылай тiркеменiң артқы сыртқы нүктесiне дейiн автопоездың бойлық білiгiне қатар өлшенген, рұқсат етiлген ара қашықтық 16,4 метрден аспауы тиiс. 7. Автокөлiк құралының қорабында орнатылған жүк автомобильдің немесе тiркеменiң артқы сыртқы нүктесiнен тысқары 2 метрден артық шықпауы тиiс. 8. Жүк автомобилiнiң артқы білігi мен тiркеменiң алдыңғы білiгi арасындағы ара қашықтық 3 метрден кем болмауы тиiс. 9. Жартылай тiркеменiң топсалы бекiтпесiнiң білігi мен жартылай тiркеменiң алдыңғы жағының кез келген нүктесi арасындағы көлденең өлшенген ара қашықтық 2,04 метрден аспауы тиiс. 10. Автокөлiк құралының ұзындығын өлшеген кезде, автокөлiк құралында орнатылған мынадай құрылғылар ескерiлмейдi: әйнектердi тазартуға арналған құрылғылар мен кiрқалқандар; алдыңғы бетіндегі және бүйiріндегі таңбалаушы тілімшелер; пломбылау үшiн құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш құралдар; брезенттi бекіту үшiн құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш құралдар; электр жарығына арналған жабдықтар; артқы шолу айналары мен автомобильдiң артын шолу үшiн құралдар; ауаарна түтiкшелерi; тiркемелермен және алынғыш қораптармен бiрiктiру үшін клапандар мен алмалы-салмалы құрылғылардың ұзындықтары; қорапқа мiну үшiн сатылар, қосалқы автомобиль дөңгелекқабы үшiн көтергiш; жұмыс жағдайында 200 миллиметрден аспайтын және жасап шығарушы орнатқан автомобильдiң шектi жүк тиеу салмағын ұлғайтпайтындай етіп орындалған көтергiш платформалар, мiну үшiн сатылар және өзге де ұқсас жабдықтар. 11. Автокөлiк құралының биiктiгiн өлшеген кезде автокөлiк құралында орнатылған: антенналар; көтерiлген қалыптағы пантограф ескерiлмеуi тиiс. Осьті көтеруге арналған құрылғысы бар автокөлiк құралдары үшiн осы құрылғының ықпал етуiнiң әсерi ескерiлуi тиiс. 12. Автокөлiк құралының енiн өлшеген кезде автокөлiк құралында орнатылған мынадай құрылғылар ескерiлмейдi: пломбылар, мөрлер үшiн құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш құралдар; брезенттi бекіту үшiн құрылғылар мен оларға арналған қорғағыш құралдар; автомобиль дөңгелекқабының зақымдалуын анықтау үшiн құрылғылар; кірқалқандардың шығып тұрған бөлiктерi; жарықтандыру жабдықтары; жұмыс жағдайында көлiк құралының әрбiр жағынан 10 миллиметрден артық шықпайтын, сатылардың алға немесе артқа қараған бұрыштары 5 миллиметрден аспайтын, ал олардың жиектерi - 2,5 миллиметрден аспайтын дөңгелену радиусы бар сатылар, аспалы платформалар мен өзге де ұқсас жабдықтар; артты шолу айналары; шиналардағы қысымды өлшеу индикаторлары; көлiктiк қалыпта кiргiзiлетiн немесе жиналатын сатылар немесе баспалдақтар; автомобиль дөңгелекқабының жолдың бетiмен түйiсу нүктесiнен шығып тұрған қисық бөлiгi. 2. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген салмақтары 13. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген салмақтары төменде келтiрiлген (тоннамен) мәннен аспауы тиiс: 1) жүк автомобильдерi: екi біліктi автомобиль 18 үш біліктi автомобиль 24 әуелi немесе оған балама аспамен жабдықталған екi жұп доңғалақтан тұратын жетекшi білігi бар үш біліктi автомобиль 25 әрқайсысы әуелi немесе оған балама аспамен жабдықталған екi жұп доңғалақтан тұратын екi жетекшi білігi бар төрт біліктi автомобиль 32; 2) бiрiктiрiлген көлiк құралының бөлiгiн құрайтын көлiк құралдары: екi біліктi тiркеме 18 үш біліктi тiркеме 24; 3) бiріктiрілген көлiк құралдары: ершіктi автопоездар: жартылай тiркеме білiктерiнiң ара қашықтығы 1,3 метрден 1,8 метрге дейiнгi екi біліктi жартылай тiркемесi бар екi біліктi сүйрегіш 36 жартылай тiркеме біліктерiнiң ара қашықтығы 1,8 метрден асатын екi біліктi жартылай тiркемесi бар екi біліктi сүйрегіш 38 (егер осы автопоезд 18 тонналы жүк автомашинасы мен 20 тонналық жартылай тiркемеден тұрса және жетекшi білігi қосақталған доңғалақтан тұрса және әуе немесе оған балама аспамен жабдықталған болса, рұқсат етiлген салмағы 2 тоннаға ұлғаюы мүмкiн) үш біліктi жартылай тiркемесi бар екi біліктi сүйрегiш 38 екi біліктi жартылай тiркемесi бар үш біліктi сүйрегіш 38 үш біліктi жартылай тiркемесi бар үш бiліктi сүйрегiш 38 тiркемелi автопоездар: екi біліктi тiркемесi бар екi бiліктi жүк автомобилi 36 үш біліктi тiркемесi бар екi біліктi жүк автомобилi 42 екi біліктi тiркемесi бар үш білiктi жүк автомобилi 42 үш біліктi тiркемесi бар үш біліктi жүк автомобилi 44 төрт біліктi тiркемесi бар үш біліктi жүк автомобилi 44; 4) автобустар: екi біліктi 18 үш біліктi 24 топсалы бiрiктiрiлген үш біліктi 28 топсалы бiрiктiрiлген төрт біліктi 28. 3. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген білікке түсетiн жүктемелерi 14. Автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген білiктiк жүктемелерi төменде келтiрiлген (тоннамен) мәннен аспауы тиiс: 1) жалғыз білік үшiн: жетектегi 10 екi еңкулi доңғалағы бар жетекшi 10; 2) қос сырғымалы доңғалақтары бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қатарласқан біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда: 0,5 метрден 1 метрге дейін 12,5 1 метрден 1,3 метрге дейін 15,0 1,3 метрден 1,8 метрге дейін 16,5 1,8 метрге тең немесе одан көп 18,0-ден аспауы тиіс; болғанда 3) бір сырғымалы доңғалағы бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің қатарласқан біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда: 0,5 метрден 1 метрге дейін 12,0 1 метрден 1,3 метрге дейін 14,0 1,3 метрден 1,8 метрге дейін 16,0 1,8 метрге тең немесе одан көп 17,5-ден аспауы тиіс; болғанда 4) қос сырғымалы доңғалақтары бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің үш білікті біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда: 0,5 метрден 1 метрге дейін 17,5 1 метрден 1,3 метрге дейін 21,0 1,3 метрден 1,8 метрге дейін 24,0 1,8 метрге тең немесе одан көп 26,5-ден аспауы тиіс; болғанда 5) бір сырғымалы доңғалағы бар тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің үш білікті біліктері үшін біліктер массаларының сомасы біліктердің арасындағы мынадай қашықтықтарда: 0,5 метрден 1 метрге дейін 16,5 1 метрден 1,3 метрге дейін 19,5 1,3 метрден 1,8 метрге дейін 22,5 1,8 метрге тең немесе одан көп 24,5-ден аспауы тиіс болғанда 6) екi еңкулi доңғалақтары бар жүк автомобилi мен автобустың қосарланған жетекшi біліктерi үшiн біліктiк салмақтардың қосындысы біліктердің арасындағы ара қашықтық: 0,5 метрден 1 метрге дейiн 12 1 метрден 1,3 метрге дейiн 14 1,3 метрден 1,8 метрге дейiн 16 1,8 метрге тең немесе одан көп 18 әуелi немесе оған балама аспаға бекітілген жағдайда 19-дан аспауы тиiс; 7) бiр еңкулi доңғалақтары бар жүк автомобилiнiң немесе автобустың қосарланған жетекшi біліктерi үшiн біліктiк салмақтардың қосындысы біліктердің арасындағы ара қашықтық: 0,5 метрден 1 метрге дейiн 11 1 метрден 1,3 метрге дейiн 13 1,3 метрден 1,8 метрге дейiн 15 1,8 метрге тең немесе одан көп болғанда, 17-ден аспауы тиiс; 8) екі еңкулі доңғалақтары бар тiркемелер мен жартылай тiркемелердiң үш біліктен артық білiктерiнiң сабақтас біліктерi үшін біліктiк салмақтардың қосындысы әрбiр білікке, біліктердiң арасындағы ара қашықтық: 0,5 метрден 1 метрге дейiн 5,5 1 метрден 1,3 метрге дейiн 6,5 1,3 метрден 1,8 метрге дейiн 7,5 1,8 метрге тең немесе одан көп 8-ден аспауы тиiс; 9) бір еңкулі доңғалақтары бар тiркемелер мен жартылай тiркемелердің үш біліктен артық біліктерiнiң сабақтас біліктерi үшiн біліктiк салмақтардың қосындысы әрбiр білікке, білiктердiң арасындағы ара қашықтық: 0,5 метрден 1 метрге дейiн 5 1 метрден 1,3 метрге дейiн 6,10 1,3 метрден 1,8 метрге дейiн 7 1,8 метрге тең немесе одан көп 7,5-тен аспауы тиiс. 15. Автомобильдiң немесе құрамдастырылған көлiк құралдарының жетекшi білігiне немесе жетекшi біліктерiне берiлетiн салмақ автомобильдiң немесе құрамдастырылған көлiк құралының жиынтық салмағының 25%-нан кем болмауы тиiс. 16. Салмақтық жүктемелер уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiмi бойынша жол төсемiнiң алып жүру қабiлетi төмен учаскелерiнде ауа райы-климаттық жағдайларға байланысты азайтылуы мүмкiн. 17. Автокөлiк құралдарының салмақтық және көлемдiк өлшемдерiн анықтаған кезде өлшегiш жабдықтардың белгiленген қателiктерiн ескередi. Бұл ретте қателік тасымалдаушының пайдасына шешiледi. Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 62 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi 1. "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын дамыту мен ұйымдастыруды жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 26 сәуірдегі № 557 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 14, 169-құжат). 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1031 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулердің 38-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 35, 327-құжат). 3. "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алынатын алымдар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1397 қаулысы. 4. "Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүріп өтуiн реттеудiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 26 мамырдағы № 643 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 22, 219-құжат) 2-тармағының 1) және 3) тармақшалары. 5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 шілдедегi № 1125 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 31, 379-құжат) 1-тармағы. 6. "Қалжат" өткізу пунктi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 желтоқсандағы № 1897 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 55, 612-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы. 7. "Қапланбек" өткізу бекетiн ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 мамырдағы № 669 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 19, 234-құжат) 1-тармағы. |