|
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы (2010.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 170 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
1. Миссиясы және пайымдауы
Миссиясы. Ел үшін жаңа толыққанды ғарыш саласын қалыптастыруға кешенді түрде мүмкіндік беретін ғарыш қызметінің басым бағыттарын белгілеу және іске асыру. Пайымдауы. Қазғарыш ғарыш саласын перспективада Қазақстанның әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына енуіне ықпал ететін, экономиканың ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялық секторы ретінде ұғынады.
2007 жылғы наурызда құрылған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің (бұдан әрі - Қазғарыш) негізгі міндеті ел үшін жаңа ғарыш саласын қалыптастыру болып табылады. Қазіргі кезеңде әлемдегі ғарыш қызметі және оның ғылыми-өндірістік базасы, қазірдің өзінде дамудың әмбебеп заңдылықтары мен үрдістеріне бағынатын жаһандық экономиканың табиғи қызмет ететін саласына айналды. Бұл ретте жаһандық экономиканың ғарыш секторы серпінді және тұрақты дамуды көрсетеді. Жалпыәлемдік ғарыш қызметінің құрылымында мынадай негізгі сегменттер ерекшеленеді: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|