Ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, табыс ету Ережесін, ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын бекіту туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 08-3/391 бұйрығымен күші жойылды
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 9) тармақшасын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, табыс ету Ережесі; 2) ветеринариялық есеп нысандары бекітілсін; 3) ветеринариялық есептілік нысандары 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Тоқсеитова Р.Ә.) осы бұйрықтың заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 140 бұйрығымен бекітілген
Ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу және оларды табыс ету ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу және оларды табыс ету ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 9) тармақшасына сәйкес әзірленген. 2. Осы Ереже ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың бөлімшелері, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар үшін, сондай-ақ аумақтық бөлімшелері, соның ішінде ветеринариялық бақылау бекеттері бар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асырушы уәкілетті орган ведомствосымен орындалуға міндетті болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|