Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы (2013.29.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда, Индустрия және жаңа технологиялар министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, екі ай мерзімде Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асырылу барысының мониторингі әдістемесі мен нысанын әзірлесін және бекітсін. ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1273 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар мен ұйымдар (келісім бойынша) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бекітілген нысан бойынша Бағдарлама мен Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін. ҚР Үкіметінің 2013.29.11. № 1273 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарлама мен Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|