Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдері, Нұра өзенінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы (2009.17.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 12 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдерінің, Нұра өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері жобалау құжаттары негізінде 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін. 2. Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдерінің, Нұра өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері аумақтарында шаруашылыққа пайдалану режимі 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін. 4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
2008 жылғы 21 ақпандағы № а-2/54 қаулысына 1-қосымша
Қатаркөл, Щучье, Кіші Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Жөкей көлдерінің, Нұра өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|