Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы» мемлекеттік мекемесі қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып (бұдан әрі - кәсіпорын) қайта ұйымдастырылсын. 2. Мыналар: 1) кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті; 2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін; 2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 25 мамырдағы № 462 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|