|
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі республикалық басқару орталығын құру туралы
Осы редакция 2010 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында елді үдемелі индустриялық-инновациялық дамытуды жүзеге асыру мәселелері бойынша: 1. Мынадай: 1) осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда оған инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын үйлестіру жөніндегі функциялар жүктеле отырып, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі республикалық басқару орталығы (бұдан әрі - РБО); 2) осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес құрамда инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын бақылау жөніндегі республикалық жобалау топтары (бұдан әрі - Топтар) құрылсын. 2. Облыстарды, республикалық маңызы бар қала мен астананы үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңестері үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік басқару орталықтары (бұдан әрі - Орталықтар) ретінде инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын үйлестіруді жүзеге асырсын. 3. Инвестициялық жобалар: осы өкімге 3-қосымшаға сәйкес Топтар; осы өкімге 4-қосымшаға сәйкес Орталықтар арасында бөлінсін. 4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі: Топтар мен Орталықтар қызметін үйлестіруді жүзеге асырсын; инвестициялық жобалардың іске асырылу барысына тәуелсіз мониторинг жүргізетін ұйымды айқындасын. 5. Топтардың, Орталықтардың басшылары: объектілер мен құрылыс алаңдарына тікелей бара отырып, кемінде айына бір рет Топтардың және Орталықтардың отырыстарын өткізсін; ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне осы өкімге 5, 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша есеп берсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|