«Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы (2013.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 189 Қаулысымен күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 491 қаулысымен бекітілген
«Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Қолданылу аясы
1. Осы «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) минералды, органикалық-минералды, органикалық тыңайтқыштарға және топырақ жақсартушы заттарға (бұдан әрі - тыңайтқыштар), сондай-ақ, олардың тіршілік циклы үдерістеріне қолданылады. ҚР Үкіметінің 2013.19.09. № 987 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Осы Техникалық регламент қолданылатын, сәйкестікті міндетті растауға жататын тыңайтқыштардың тізбесі және Кеден одағының Сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) сәйкес сыныптамасы бойынша олардың кодтары осы Техникалық регламентке қосымшада көрсетілген 3. Тыңайтқыштармен байланысты қатерлер мынадай қауіпті факторларға негізделеді: минералды тыңайтқыштар үшін: 1) жанғыштығы; 2) тотықтырғыштық әсері; 3) коррозиялық әсері; 4) уыттылығы; 5) көзді зақымдауы; 6) теріні жеуі; 7) көз бен теріні тітіркендіруі; 8) қоршаған сулы орта және топырақ үшін қауіптілігі; 9) қоршаған ауа ортасы және топырақ үшін қауіптілігі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|