Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қорғас өзенінде
ҚР 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 196-V Заңымен ратификацияланды 2014 жылғы 26 мамырда күшіне енді
Бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі 2001 жылғы 12 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
1. Тараптар Қорғас шекаралық пунктінен 24,5 км қашықтықта, Қорғас су пунктінен 4,3 км төмен жерде Қорғас өзенінде «Достық» ортақ су торабын (бұдан әрі - бірлескен су торабы) бірлесіп салуды жүзеге асырады. 2. Бірлескен су торабының осі арқылы өтетін сызық оның түйісу сызығы болып табылады. 3. Бірлескен су торабы тең үлеске ие Тараптар мемлекеттерінің ортақ меншігі болып табылады. 4. Бірлескен су торабын басқару және пайдалану мәселелері Тараптар арасында жасалатын жеке халықаралық шартпен реттеледі.
1. Бірлескен су торабын салу жобасы мынадай құрылыстарды: 1) реттелген жеткізу және бұру арналарын; 2) ағызу және шаю саңылаулары бар бөгетті; 3) кіру және шығу шлюздері бар ирелең каналдарды; 4) магистральдық каналдардың бас шлюздерін; 5) автоматтандыру, электрмен жабдықтау және бақылау аспаптары бар диспетчерлік пунктті; 6) әрбір Тарап мемлекетінің аумағында бірлескен су торабына ұзындығы 200 метр кірме жолды қамтиды. 2. Бірлескен су торабының құрамына кірмейтін қызмет көрсетуші объектілер (әрбір Тарап мемлекетінің аумағында электрмен жабдықталуы және коммуникациясы бар әкімшілік ғимарат) салуды әрбір Тарап дербес жүзеге асырады.
Бірлескен су торабының құрылысын қаржыландыруды Тараптар бірлескен су торабы жалпы құнының 50 пайызынан бөлісіп жүзеге асырады.
Бірлескен су торабын салу кезінде Тараптар мынадай қағидаттарды басшылыққа алады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|