Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы (2014.04.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 367 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 558 қаулысымен бекітілген
Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
3. Комиссияның негізгі міндеттері: 1) техникалық реттеу және метрология жүйелерін жетілдіру; 2) техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын анықтау; 3) техникалық реттеу және метрология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарау жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады. 1) мемлекеттік органдардың, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын талдауды жүзеге асыру, техникалық реттеу және метрология жүйелерін жетілдіру мәселелері жөнінде ұсынымдар әзірлеу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|