Осы редакция 2010 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 406 қаулысымен бекітілген
Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ
1. Осы Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді. 2. Осы Ереженің мақсаты жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасауының бірыңғай тәртібін айқындау болып табылады.
2. Жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасауы
3. Жеке куәлігінің беткі жағында, туған күнінен төменде, сондай-ақ паспорттың 32-бетінде машина оқитын мәтінде 12 цифрдан тұратын қиыстыру түріндегі жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) көрсетілмеген Қазақстан Республикасының азаматтары бұрын берілген құжаттарын ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын құжаттарға қайта ресімдеу үшін тұрақты тұратын жері бойынша аумақтық әділет органдарына жүгінеді. 4. Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтиярхатының беткі жағында, туған күнінен төменде ЖСН көрсетілмеген Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 32-бетіндегі машина оқитын мәтінінде ЖСН-і көрсетілмеген Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында тұруға бұрын берілген ықтиярхат құжаттарын немесе азаматтығы жоқ адамның ЖСН-і бар куәлігін қайта ресімдеу үшін келген жері бойынша аумақтық ішкі істер органдарына жүгінеді. 5. Жеке басты куәландыратын құжаттарды уәкілетті орган иесіне немесе оның заңды өкіліне қажетті құжаттарды қосып өтініш берген күнінен бастап екі айдан кешіктірмей береді.
3. Заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің) бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бүрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасауы
6. Заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - БСН) қалыптастыру үшін тіркеуші органға жүгінеді: 1) орналасқан жері бойынша: заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер) үшін, соның ішінде тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар үшін; 2) резидент-эмитенттің немесе мүлкі резидент емес заңды тұлға акцияларының, қатысу үлестерінің немесе активтерінің сатылған құнының елу пайызынан астамын құрайтын резидент заңды тұлғаның тіркелген орны бойынша: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 521-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасында көрсетілген резидент еместер үшін; 3) салық салу объектілерінің орналасқан және (немесе) тіркелген жері бойынша: Қазақстан Республикасында салық салынатын объектілеріне иелік ететін резидент еместер үшін; 4) резидент-банктің орналасқан жері бойынша: резидент-банктерде ағымдағы шоттарын ашатын және Заңның 9-бабы 10-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру жүргізілмейтін резидент еместер үшін. 7. Заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы бұрын берілген куәлігін қайта ресімдеу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар беріледі: 1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) заңды тұлғаның, филиалдың, өкілдіктің (ереже) құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) төлнұсқасы; 3) заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктердің төлнұсқасы; 4) салық төлеуші куәлігінің және статистикалық карточкасының көшірмелері. 8. Құжаттар ұсынылғаннан кейін уәкілетті орган: 1) ұсынылған құжаттар тізбесінің толықтығын тексереді; 2) заңды тұлғаны, филиал мен өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлікті қайта ресімдеу және заңды тұлғаны, филиал мен өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы бұрынғы куәліктің күшін жою туралы бұйрық шығарады; 3) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне заңды тұлға, филиал мен өкілдік туралы мәлімет енгізеді; 4) заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге БСН береді; 5) заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің БСН-і туралы мәліметтер енгізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік статистика органдарына заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге БСН беру туралы хабарлама жібереді; 6) заңды тұлғаны, филиалды және өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы бұрын берілген куәлікті қайта ресімдеу туралы бұйрықты салық органына береді; 7) істі ресімдегеннен кейін құрылтай құжаттарының төлнұсқаларына БСН берілгенін растайтын мөртаңбалар қояды; 8) заңды тұлғаға, филиалға, өкілдікке БСН бере отырып, заңды тұлғаны, филиалды, өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы белгіленген үлгідегі куәлік, сондай-ақ құрылтай құжаттарының төлнұсқаларын береді. 9. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркеу және қайта тіркеу туралы бұрын берілген куәліктерді қайта ресімдеу қажетті құжаттарын қосып өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ал өзге заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері үшін қажетті құжаттарын қосып өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жасалуы тиіс. 10. Заңды тұлға - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушыны (бұдан әрі - заңды тұлға-қаржы орталығына қатысушы) мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы бұрын берілген куәлікті қайта ресімдеу үшін тіркеуші органға мынадай құжаттар ұсынылады: 1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) заңды тұлға-қаржы орталығына қатысушы жарғысының төлнұсқасы; 3) заңды тұлға-қаржы орталығына қатысушыны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің төлнұсқасы; 4) салық төлеуші куәлігінің және статистикалық карточкасының көшірмелері. 11. Жоғарыда көрсетілген құжаттар ұсынылған соң: 1) тіркеуші орган ұсынылған құжаттар тізбесінің толықтығын тексереді; 2) заңды тұлға-қаржы орталығына қатысушының куәлігін қайта ресімдеу туралы мәліметтерді тіркеуші орган БСН беру үшін байланыс арналары арқылы Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне береді; 3) заңды тұлға-қаржы орталығына қатысушыны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы бұйрық шығарады; 4) тіркеуші орган заңды тұлға-қаржы орталығына қатысушының БСН-і туралы мәліметтер алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік статистика органдарына заңды тұлға-қаржы орталығына қатысушыға БСН берілгендігі туралы хабарлама жібереді; 5) тіркеуші орган істерді жаңа құжаттармен толықтырады, құжаттарға БСН берілгендігін растайтын тиісті мөртаңба қояды; 6) істерді ресімдеген соң тіркеуші орган заңды тұлға-қаржы орталығына қатысушыға БСН беріп заңды тұлға-қаржы орталығына қатысушыны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы белгіленген үлгідегі куәлікті, мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы бұйрықты, сондай-ақ жарғының төлнұсқасын береді. 12. Заңды тұлғалар-қаржы орталығына қатысушыларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы бұрын берілген куәліктерді қайта ресімдеу қажетті құжаттарды қосып өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге тиіс.
4. Дара кәсіпкерлердің бизнес-сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасауы
13. Бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер БСН қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін бірлескен дара кәсіпкерлік уәкілетті органының орналасқан жері бойынша тіркеуші органға жүгінеді және мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда өтініш береді. Құжаттары бар болған кезде тіркеуші орган дара кәсіпкердің (бірлескен дара кәсіпкерлік) құжаттарын қайта ресімдеуді құжаттарын ұсынғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
(филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесіне 1-қосымша
___________________________ (тіркеуші органның атауы)
Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы бұрын берілген куәліктерін қайта ресімдеуге өтініш
1. Ұйым нысаны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз): 1) заңды тұлға _____________ 2) филиал ___________ 3) өкілдік ________________ 2. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) атауы: ___________________________________________________________________ 3. Заңды тұлға, филиал (өкілдік) (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз): 1) коммерциялық ___________ 2) коммерциялық емес ____________ болып табылады. 4. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрамында шетел инвесторларының қатысуы (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз): 1) иә ___________ 2) жоқ ______________ 5. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз): 1) иә __________ 2) жоқ _____________ 6. Заңды тұлға халықаралық ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз): 1) иә __________ 2) жоқ _____________ 7. Заңды тұлғаның қызметі Үлгі жарғы негізінде жүзеге асырылады (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз): 1) иә __________ 2) жоқ _____________ 8. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері ___________________________________________________________________ (почталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, қаладағы ауданы, ___________________________________________________________________ елді мекені, (ауыл, кент), көшесі, шағын ауданы, орамы, тұйығы, даңғылы, ___________________________________________________________________ үйдің нөмірі, пәтер, бөлме, телефон нөмірі, факс нөмірі) 9. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) басшысы туралы мәліметтер (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз): 1) Қазақстан Республикасының азаматы _____________ 2) шетелдік тұлға ________________ 3) азаматтығы жоқ тұлға _________________ ___________________________________________________________________ (Т.А.Ә., жеке басын куәландыратын құжаты, ___________________________________________________________________ нөмірі, берілген күні, кім берді, тұрақты тұратын елі, ___________________________________________________________________ СТН (азаматтығы тіркелген елінде салықтық тіркеу нөмірі болмаған жағдайда), ___________________________________________________________________ телефон нөмірі, факс нөмірі, Е-mail) 10. Меншік нысаны (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз): 1) мемлекеттік ______________ 2) жеке ______________ 11. Экономикалық қызметінің негізгі түрлерін көрсетіңіз ___________________________________________________________________ 12. Экономикалық қызметінің басқа (екінші) түрін көрсетіңіз ___________________________________________________________________ 13. Жарғылық капиталдың мөлшері _____________________________ 14. Жарғылық капиталдың түрі (резидент емес үшін)____________ 15. Заңды тұлға құрылтайшыларының құрамы (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз): 1) заңды тұлға _________ 2) жеке тұлға ______________ Заңды тұлға (резидент) ___________________________________________________________________ (атауы, тіркелген күні және тіркеу нөмірі, ___________________________________________________________________ КҰЖС коды, СТН) Жарғылық капиталдағы үлесі % ___ салым сомасы (мың теңге)____ Заңды тұлға (резидент емес) ___________________________________________________________________ (атауы, тіркелген елі, ___________________________________________________________________ сауда тізілімінің үзіндісіне сәйкес немесе субъектінің заңды тұлға болып табылатынын растайтын басқа да заңдастырылған құжаттағы тіркеу нөмірі, ___________________________________________________________________ тіркелген күні, КҰЖС коды, не қызмет түрі, ___________________________________________________________________ СТН не салықтық тіркеу нөмірі) Жарғылық капиталдағы үлесі % ____ салым сомасы ______________ Жеке тұлға (Қазақстан Республикасының азаматы) ___________________________________________________________________ (Т.А.Ә. жеке басын куәландыратын құжаты, нөмірі, берілген күні, ___________________________________________________________________ (кім берді, тұрақты тұратын елі, СТН) Жарғылық капиталдағы үлесі % _______ салым сомасы ___________ Жеке тұлға (шетел азаматы) ___________________________________________________________________ (Т.А.Ә., жеке басын куәландыратын құжаты, нөмірі, берілген күні, ___________________________________________________________________ кім берді, тұрақты тұратын елі, салықтық тіркеу нөмірі) Жарғылық капиталдағы үлесі % _______ салым сомасы ___________ 16. Филиал (өкілдік) құратын заңды тұлға туралы мәліметтер Заңды тұлға (резидент) ___________________________________________________________________ (атауы, тіркелген күні және тіркеу нөмірі, ___________________________________________________________________ КҰЖС коды, СТН) Жарғылық капиталдағы үлесі % ___ салым сомасы (мың теңге)____ Заңды тұлға (резидент емес) ___________________________________________________________________ (атауы, тіркелген елі, ___________________________________________________________________ тіркеу нөмірі (сауда тізілімінен үзінді көшірмеге немесе субъектінің заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатқа сәйкес), ___________________________________________________________________ тіркелген күні, КҰЖС коды не қызмет түрі, ___________________________________________________________________ СТН не салықтық тіркеу нөмірі) Жарғылық капиталдағы үлесі % _______ салым сомасы ___________ 17. Жұмыспен қамтылған қызметкерлердің күтілетін (шамамен) саны ______________ 18. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз): 1) шағын кәсіпкерлік субъектісі __________ 2) орта кәсіпкерлік субъектісі __________ 3) ірі кәсіпкерлік субъектісі______________ 19. Заңды тұлғаны құрудың алдында қайта ұйымдастыру болды (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз): 1) қайта құру __________ 2) қосылу _________ 3) бөлініп шығу__________ 4) бөлу ______________ 20. Қайта ұйымдастыруға қатысатын заңды тұлғалардың саны_____ 21. Қайта құрылған жағдайда мынадай мәліметтерді көрсету қажет: ___________________________________________________________________ (заңды тұлғаның бұрынғы атауы, ___________________________________________________________________ КҰЖС коды, СТН) 22. Қосылған жағдайда мынадай мәліметтерді көрсету қажет ___________________________________________________________________ (қосылуға қатысатын заңды тұлғалардың атауы, ___________________________________________________________________ КҰЖС коды, СТН) 23. Бөлініп шыққан жағдайда мынадай мәліметтерді көрсету қажет ___________________________________________________________________ (жаңа заңды тұлға бөлініп шыққан заңды тұлғаның атауы, ___________________________________________________________________ КҰЖС коды, СТН) 24. Бөлінген жағдайда мынадай мәліметтерді көрсету қажет ___________________________________________________________________ (базасында заңды тұлғалар құрылған заңды тұлғаның атауы, ___________________________________________________________________ КҰЖС коды, СТН) _____________________________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы) ______________ жылғы "__" __________
Өтінішке мыналар қоса беріледі:
(филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесіне 2-қосымша
___________________________ (тіркеуші органның атауы)
Заңды тұлғаны - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушыны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы бұрын берілген куәлікті қайта ресімдеуге өтініш
1. Заңды тұлғаның атауы: ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ 2. Заңды тұлғаның құрамында шетелдік қатысушылардың қатысуы (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз): 1) иә __________ 2) жоқ _______________ 3. Заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады (тиісті ұяшықта х түрінде көрсетіңіз): 1) иә __________ 2) жоқ _______________ _____________________________________ (өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы) ______________ жылғы "__" __________
|