|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек көрсету туралы
ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2022 жылғы 10 қарашадағы № 17-17/19197-И Хатымен күші жойылды
ҚР 2010 жылғы 8 қазандағы № 344-IV Заңымен ратификацияланды 2011 жылғы 25 қазанда күшіне енді
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Тараптар), қазіргі өзара достық қатынас пен әскери саладағы ынтымақтастықты күшейтуге ниет білдіре отырып, 1999 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді басшылыққа ала отырып, 1999 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісімнің ережелерін ескере отырып, төмендегілер туралы келісті:
Тәжікстан Республикасы Қарулы Күштерінің қалыптасуына көмек көрсету мақсатында Қазақстан тарабы Тәжікстан тарабына өтеусіз әскери көмек көрсетеді.
Осы Келісімді іске асыру мақсатында Тараптар мынадай уәкілетті органдарды тағайындайды: Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі; Тәжікстан тарапынан - Тәжікстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. Уәкілетті органдардың атауы немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар дипломатиялық арналар арқылы бір-бірін дереу хабардар етеді.
Өтеусіз әскери көмек материалдық көмек түрінде ұсынылады. Берілетін мүліктің тізбесі мен саны осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымшада айқындалған.
Қазақстан тарабы мүлікті Қазақстан Республикасының аумағынан Тәжікстан Республикасының аумағына (Душанбе қаласы) дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің авиакөлігімен жеткізуді қамтамасыз етеді, онда Тараптар тағайындаған өкілдер оларды тиісінше қабылдау мен беруді жүргізеді. Бұл ретте Душанбе қаласына дейінгі көліктік шығыстарды Қазақстан тарабы төлейді. Тәжікстан тарабы Тәжікстан Республикасындағы кедендік рәсімдерді ресімдеу үшін шығыстарды өзі көтереді және жауапты болады. Берілетін мүлікті Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тәжікстан тарабы Қазақстан тарабының алдын ала жазбаша келісімін алмай, Қазақстан тарабынан алған мүлікті немесе оларды пайдалануға арналған құқықты үшінші тарапқа бермейді.
Тараптардың келісімі бойынша осы Келісімге тиісті хаттамамен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Осы Келісімді іске асыру кезінде туындайтын кез келген келіспеушіліктер келіссөздер және консультациялар жолымен шешілетін болады.
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап күшіне енеді. Осы Келісім Тәжікстан Республикасының Үкіметіне осы Келісімге сәйкес берілетін материалдық көмек толық берілген сәттен бастап өзінің қолданысын тоқтатады. 2009 жылғы 10 қарашада Душанбе қаласында әрқайсысы қазақ, тәжік және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек көрсету туралы келісімге қосымша
Берілетін әскери мүліктің тізбесі
2009 жылғы 10 қарашада Душанбе қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек көрсету туралы келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |