Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларацияға (700.00-нысан) қосымша
Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша салық есептілігі (декларация) жасау
1. Бұл Ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және осы Ережеге қосымшаға сәйкес салық төлеушілердің көлік құралдары салығын, жер салығы мен мүлік салығын есептеуге арналған Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша салық есептілігін (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 365, 373, 394-баптарында көрсетілген салық төлеушілер, сондай-ақ Салық кодексінің 407-бабында көрсетілген объектілер бойынша жеке нотариустар, адвокаттар, жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар толтырады. 2. Декларация Декларацияның өзінен (700.00-нысан) және көлік құралдары салығын, жер салығы мен мүлік салығын салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (700.01-ден 700.03-ке дейінгі нысандар) тұрады. 3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті торкөзі толтырылмайды. 5. Декларацияға қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін Декларациядағы жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте толтырылады. 6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды. 7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады. 8. Осы Ережеде мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең. 9. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде « - » белгісімен белгіленеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|