Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер болып табылатын, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары үшін салық есептілігіне (4.1-4.3 нысандары) қосымша
Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер болып табылатын, сақтандыру,қайта сақтандыру ұйымдарының
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленген және мониторингке жататын ірі салық төлеушілер болып табылатын, сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының салық есептілігін жасау және табыс ету тәртібін көздейді (бұдан әрі - салық төлеушілер). 2. Салық төлеушілер мониторингі нақты салық салынатын базасын анықтау, Қазақстан Республикасының салық заңнамаларының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын нарықтық бағаларды бақылау мақсатымен олардың қаржы-шаруашылық қызметін талдау жолымен жүзеге асырылады. 3. Мониторинг салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің орындалуын қамтамасыз ететін уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) орталық серверінің дерек қорына деректерді берудің электрондық жүйесі арқылы салық төлеушілерден негізгі қаржы-экономикалық және салықтық көрсеткіштер бойынша ақпарат жинау жолымен жүзеге асырылады. Мониторинг Уәкілетті органмен жүзеге асырылады. Мониторинг бойынша салық есептілігі шоғырландырылып табыс етіледі. 4. Мониторинг бойынша дерекқор осы Ережелерде белгіленген тәртіппен және бағдарламалық қамтамасыз етудің электрондық пішімінде (файлдарында) салық төлеуші беретін, осы Ережелердің 3-тармағында көрсетілген ақпаратты қамтитын, осы Ережелердің № 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша жасалатын салық есептілігінің негізінде қалыптасады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|