Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы
2018 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
ҚР 2010 жылғы 30 маусымдағы № 320-ІV Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі «кеден одағына мүше мемлекеттер» деп аталатын Еуразия экономикалық қоғамдастығы шеңберіндегі кеден одағына мүше мемлекеттер, 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағы комиссиясы туралы шартты, 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының кеден кодексі туралы шартты, кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын кеден одағына мүше мемлекеттердің өзге де халықаралық шарттарын негізге ала отырып, халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларын назарға ала отырып, кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік реттеуді қамтамасыз мақсатында, мына төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімде пайдаланылатын негізгі терминдер
1. Осы Келісімде мынадай негізгі терминдер мен олардың айқындамалары пайдаланылады: еркін қойма - шегінде, осы Келісімге сәйкес, еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған шетел тауарлары мен кеден одағының тауарлары, сондай-ақ осы Келісімге сәйкес өзге де тауарлар орналастырылуы және пайдаланылуы мүмкін құрылыс (үй-жай); құрылыс (үй-жай) - күзетілетін не жеке тұлғаның өнуін бақылайтын режимі бар ғимарат (оның бөлігі), ғимараттар кешені, жайластырылған және жабдықталған аумақтар және (немесе) ашық алаңдар. 2. Осы Келісімнің 18-бабында пайдаланылатын терминдер 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу қағидаттары туралы келісімдегі мәндерде пайдаланылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|