Алматы қаласы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 3/598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктердің карантині туралы» Заңының 9-1 бабы 3) тармағын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция Комитеті Алматы қаласы бойынша Аумақтық инспекциясының 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 04-09/131 Алматы қаласы аумағында аса қауіпті карантинді зиянкестердің: шығыс жеміс жемірінің (Grapholitha molesta (Busck)), калифорниялық бітенің (Quadraspidiotus perniciosus (Comst)), Комсток сымырының (Pseudococcus comstocki (Kuw)) және арам шөптердің: жапырақты жусан ойраншөбінің (Ambrosia artemisiifolia (L)), арамшырмауықтың (Cuscuta Campestris (Yuncker)) (бұдан әрі мәтін бойынша - карантинді нысан) табылғаны туралы ұсынысы негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы қаласының аумағында карантин нысанын толық жойғанға дейін карантин режимін енгізу арқылы, қосымшаға сәйкес, карантин аймағы белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Алматы қаласы бойынша Аумақтық инспекциясына (келісім бойынша) карантин нысандарының таралу ошағын оқшауландыру және жою бойынша іс-шаралар өткізу тәртібін әзірлеу және олардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін. 4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
2010 жылғы 29 маусымдағы № 2/450 қаулысына қосымша
Алматы қаласы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|