Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі техникалық регламентін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 588 Қаулысымен күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі» техникалық регламенті бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 683 қаулысымен бекітілген
«Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі» техникалық регламенті
1. Осы «Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) атом станцияларының (бұдан әрі - AC) ядролық және радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Осы Техникалық регламенттің талаптары қолданылатын жабдықтар мен құбыржолдар мынадай қауіпсіздік сыныптарына жатады: 1) 1-қауіпсіздік сыныбы. 1-қауіпсіздік сыныбына істен шығуы персоналды және (немесе) халықты сәуле алуға, радиоактивті заттардың шығарындысының (тастандысының) қоршаған ортаға жобадағы авариялар үшін белгіленген шектен артық шығуына әкеліп соғатын жобадан тыс авариялардың бастапқы оқиғалары болуы мүмкін элементтер жатады; 2) 2-қауіпсіздік сыныбы. 2-қауіпсіздік сыныбына істен шығуы жобадағы аварияларға әкеп соғатын бастапқы оқиға болуы мүмкін элементтер жатады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|