«Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы (2010.24.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1672 қаулысымен бекітілген
«Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызметті осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ішкі істер органдарының тіркеу-емтихан бөлімшелері (бұдан әрі - ТЕБ) көрсетеді. 5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілерін бұдан әрі - МНТБ) беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет басқа мемлекеттерде тіркелген және 2 айдан артық мерзімге Қазақстан Республикасына уақытша әкелінген көлік құралдарын қоса алғанда, көлік құралдары бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, заңды, оның ішінде шетелдік тұлғаларға көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі: өтініш иесі қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап ең жоғарғы шекті уақыт: 6 сағаттан аспайды; қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең жоғарғы шекті уақыты: 40 минуттан аспайды; құжаттарды алу кезінде кезек күтудің уақыты ең жоғарғы шекті уақыты: 30 минуттан аспайды. ҚР Үкіметінің 2010.24.04. № 349 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 8. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін мемлекеттік баж белгіленген, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес: көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - КҚТК) беру үшін - мемлекеттік баж төленетін күнге белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК) 125 пайызын; автомобильге МТНБ бергені үшін - АЕК-тің 280 пайызын; мотокөлікке, автомобиль тіркемесіне МТНБ бергені үшін - АЕК-тің 140 пайызын; «Транзит» көлік құралын екінші жерге жеткізу үшін нөмерлік белгі бергені үшін АЕК-тің 35 пайызын құрайды. Бұдан басқа, Кодексте көлік құралдарын тіркеу үшін, сондай-ақ КҚТК телнұсқасын алу кезінде тіркелетін (қайта тіркелетін) әрбір көлік құралы үшін АЕК-тің төрттен бір бөлігін құрайтын мемлекеттік алым көзделген. Мемлекеттік баж және мемлекеттік алым Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар төлемнің мөлшері мен күнін растайтын төлем құжаттарын береді. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері электрондық үкіметтің порталында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) мен облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД) веб-сайттарында, ресми ақпарат көздерінде, ТЕБ-дегі үлгілер ілінген стендтерде, ақпараттық тақталарда орналастырылады. 10. Мемлекеттік қызмет аптасына алты күн көрсетіледі. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады (дүйсенбі - жұмада сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, сенбіде 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 13.30-ға дейін). 11. ТЕБ-нің үй-жайлары, әдетте ғимараттың бірінші қабатында орналасады, ішкі істер органдарының басқа бөлімшелерінен бөлек кіретін есігі, қабылдауды күтуге арналған орындары, орындықтары, үстелдері (тіректері) бар, сондай-ақ қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері ілінген стендтермен жабдықталған залы болады. Дене мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қызмет тікелей өтініш иесі тұратын жерде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.24.04. № 349 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 12. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш иесі ТЕБ қызметкеріне мынадай құжаттарды ұсынуы қажет: жеке тұлғаның өтініші, оның бланкісін қабылдау жүргізетін ТЕБ қызметкері береді; заңды тұлғаның ұйым мөрімен расталған өтініші; мемлекеттік қызметті алу үшін жүгінген өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат; белгіленген баждар мен алымдарды төлеу туралы құжаттар; шаруашылық жүргізуші субъектіні тіркеу туралы куәліктің немесе ұйымның заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын өзге құжаттың расталған көшірмесі; көлік құралына берілген тіркеу құжаты; сауда ұйымдары берген анықтама-шот немесе көлік құралына, нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын өзге құжат. жеке тұлға сондай-ақ мыналарды ұсынады: салық төлеушілер үшін - Кодексте белгіленген тәртіппен көлік құралдарына салық төлегенін растайтын құжат; Кодекске сәйкес салық төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін - салық төлеуден босату құқығын растайтын құжат. Ескертпе: Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 690 болып тіркелген «Қазақстан Республикасында көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 12 қазандағы № 343 бұйрығында (бұдан әрі - бұйрық) көзделген көлік құралдарына, нөмірлік агрегаттарға меншік құқығын растайтын өзге құжаттар. Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға көлік құралдарын тіркеу Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымдары арқылы жүргізіледі. Шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы филиалдары мен өкілдіктеріне, сондай-ақ шетелдіктер қатысатын (кемінде 10 %) кәсіпорындарға көлік құралдарын тіркеу Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымдары арқылы жүргізіледі. МТНБ тіркеу, қайта тіркеу және беру кезінде өтініш иелері нөмірлік агрегаттардың есептік деректерге және жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында тексеру үшін көлік құралдарын ТЕБ-ге тексеруге әкеледі. 13. Өтініш бланкілерін ТЕБ қызметкері береді, ол да осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ІІМ-нің және ІІД-нің веб-сайттарында орналастырылған. 14. Мемлекеттік қызмет алу үшін құжаттар ТЕБ-ге тапсырылады. ТЕБ қызметкері он минут ішінде ұсынылған құжаттардың бұйрық талаптарына сәйкестігін тексеруді жүргізеді. 15. Мемлекеттік қызмет алуға құжаттар тапсырған өтініш иесіне осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы талон беріледі. Бұдан кейін ТЕБ қызметкері құжаттарды ТЕБ операторына жолдайды. ТЕБ операторы құжаттарды алғанан кейін: көлік құралының өтініш иесін (өтініш иесінің өкілін) және көлік құралын іздестіруде болу мәніне автоматтандырылған ақпараттық іздестіру жүйесі (бұдан - әрі ААІЖ) бойынша тексереді; көлік құралының өтініш иесі (өтініш иесінің өкілі) мен көлік құралдарының ААІЖ жүйесіндегі электрондық есептерінің жұмыс істеуі үшін қажетті тіркеу мәліметтерін теруді жүзеге асырады. Көрсетілген әрекеттердің нәтижелері бойынша ТЕБ операторы дайын болған КҚТК-ны ТЕБ қызметкеріне береді, ол осы стандарттың 7-тармағында белгіленген мерзімде көлік құралының өтініш иесіне (өтініш иесінің өкіліне) қол қойғызып, оған КҚТК және МТНБ береді. 16. КҚТК және МТНБ көлік құралының өтініш иесіне (өтініш иесінің өкіліне) жеке басын куәландыратын құжатты (сенімхатты) көрсеткеннен кейін КҚТК және МТНБ беру тізіліміне қол қойғыза отырып беріледі. 17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден: көлік құралының өтініш иесі (өтініш иесінің өкілі) осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырмаған; көлік құралдарының конструкциясына стандарттар мен ережелерді бұза отырып өзгерістер енгізілген жағдайларда бас тартылуы мүмкін. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы өтініш иесі берген өтінішке бас тарту себептерін көрсете отырып, тиісті жазба енгізу арқылы оған жазбаша түрде хабарланады.
18. ТЕБ-нің қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты орындау кезіндегі заңдылықты, Ішкі істер органдары қызметкерлерінің ар-намыс кодексін сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
19. ТЕБ жұмысының нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 20. Осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген, олар бойынша ТЕБ жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі көрсеткіштерінің мақсатты мәнін арнайы құрылған жұмыс топтары жыл сайын бекітеді.
21. ТЕБ қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген жоғары тұрған қалалық, аудандық ішкі істер басқармалары (бөлімдері), ІІД, Жол полициясы комитеті, ІІМ басшылығына қолданыстағы заңнамаға сәйкес шағымдануға болады. 22. Шағымдар осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген ішкі істер органдарының кеңселері арқылы жазбаша түрде почта, электрондық почта арқылы не қолма-қол жұмыс күндері қабылданады. 23. Түскен шағым ішкі істер органдарының кеңсесінде тіркеледі және заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады. Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш иесіне жазбаша түрде почта арқылы не электрондық почта арқылы хабарланады.
24. Көрсетілетін мемлекеттік қызметке жауапты ТЕБ басшыларының байланыс деректері осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген ІІД-нің кезекші бөлімдерінде болады. 25. ІІМ Жол полициясы комитетінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 4, веб-сайт: www.zholpolice.kz, кезекші бөлімнің телефоны (7172) 71-58-68, сенім телефоны (7172) 71-58-25.
Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1672 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымша
Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1672 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 2-қосымша
Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1672 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау туралы № ___ ТАЛОН _________________________________________________________________ (Өтініш иесінің ТАӘ, немесе заңды тұлғаның атауы)
Қабылданған құжаттардың тізбесі: 1. __________________________________________________________________ 2. __________________________________________________________________ 3. __________________________________________________________________ 4. __________________________________________________________________ 5. __________________________________________________________________ 6. __________________________________________________________________ 7. __________________________________________________________________ 9. __________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________
Қабылдаған: _________________________/_________________/___________________ (ТЕБ қызметкерінің лауазымы, атағы) (қолы) (Т.А.Ә.)
_________ жылғы «__» _______________ Берілген күні мен уақыты: ______жылғы «__» ________ _____сағ _____мин
Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1672 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 4-қосымша
|