Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы (2010.10.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 43 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2343 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 795 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Миссиясы - ақпарат, байланыс және ақпараттандыру саласында қолжетімді және сапалы қызметтерді ұсынуға, инфокоммуникациялық инфрақұрылымды, отандық ақпараттық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасауға, сондай-ақ халыққа және бизнеске байланыс қызметін көрсету мен электрондық қызметті көрсетудің нарығын дамыту бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру. Пайымдауы - мемлекеттік басқару сапасын арттыруға ықпал ететін дамыған әрі қолжетімді инфокоммуникациялық және пошта инфрақұрылымы, сондай-ақ қазіргі заманғы стандарттарға жауап беретін және әлемдік ақпараттық кеңістікке толыққанды кірігуді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы жалпыұлттық ақпараттық орта.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|