Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы (2014.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 109 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 438-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесі бекітілсін. 2. «Кедендік бақылаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 201 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2276 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (Қ-К.Ж. Кәрбозов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден басталған қатынастарға қолданылады.
Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 356 бұйрығымен бекітілген
Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесi
1. Осы Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 438-бабына сәйкес әзірленді және Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін (бұдан әрі - ЗМО кедендік тізілімі) жүргізу тәртібін айқындайды.
2. ЗМО кедендік тізілімін жүргізу
ҚР Қаржы министрінің 2014.30.12. № 599 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Зияткерлік меншік объектілері Кодексінің 439-бабымен бекітілген шарттар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) шешім қабылдағаннан кейін ЗМО кедендік тізілімге енгізуге жатады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|