Батыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 301 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітілсін. 2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерді мемлекеттік қорғауға қабылдау туралы» 2005 жылғы 31 наурыздағы № 112 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2926 тіркелген және 2005 жылғы 24 мамырдағы облыстық «Орал өңірі» газетінде № 60 және 2005 жылғы 31 мамырдағы «Приуралье» газетінде № 63 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. К. Сүлейменге жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ: Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі _____________М. Құл-Мұхаммед 28.07.2010 ж.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген
Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|