Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтиханын қабылдау жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
ҚР Әділет министрінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 113 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтиханын қабылдау жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін. 3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2010 жылғы 23 шілдедегі № 218 бұйрығымен бекітілді
Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтиханын қабылдау жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 13-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) сот сараптамасын жүргізу үшін ізденушінің кәсіби даярлық деңгейін анықтау мақсатында әзірленді. 2. Ізденушінің біліктілік емтиханын тапсыруының мақсаты, іс жүргізу заңнамасының талаптарына және сот сараптамасы саласындағы қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерге сәйкес сот сараптамасын жоғары кәсіби деңгейде жүргізуді қамтамасыз ету үшін оның кәсіби даярлық деңгейін білу болып табылады. 3. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін ізденуші - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамасы органының қызметкері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сот сараптамасы органының кадрлық қамтамасыз ету қызметіне келесі құжаттарды ұсынады: 1) жеке куәлік көшірмесін; 2) еркін нысандағы өтінішін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|