ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 550 бұйрығына 1-қосымша
«Жолаушы поезының вагон-мейрамханасына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
1. «Жолаушы поезының вагон-мейрамханасына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі - санитариялық ереже) жабдықтау пункттеріне, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыруға және желдетуге, құрылымына және күтіп-ұстауға, өндірістік жабдықтарға, мүкаммалға, ыдыстар мен сауыттарға, шикізат пен тамақ өнімдерін қабылдау мен сақтауға, дайын өнімдерді өткізуге және тамақ өнімдерін аспаздық өңдеуге, тамақ өнімдерін тасымалдауға, жеке гигиена ережелерін сақтауға және жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы күрес бойынша іс-шараларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді. 2. Осы санитариялық ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылды: 1) вагон-мейрамхана - жолаушылар поезы жүретін жол бойында тағамдық өнімдерді сақтау, дайындау және оны өткізу жүргізілетін қоғамдық тамақтандыру пункті; 2) буфет-бар - сусындар, шырындар, су және зауыт қаптамасындағы тез бұзылмайтын өнімдерді өткізуге арналған тиісті жабдықтары бар тіреу құрылғысы ретіндегі жолаушылар поезы вагонында немесе электрлі поезда бөлінген учаске; 3) жол аралығы - темір жол араларындағы учаске; 4) сапарлық нормалар - жолаушылар поезының бір сапарына берілетін тамақ өнімдерінің, бөлшектеуге арналған мүкәммал, ыдыстар нормасы; 5) жабдықтау пункті - вагон-мейрамхананы сапарға жабдықтау және дайындау жүзеге асырылатын темір жол торабының арнайы учаскесі; 6) жабдықтау - вагон-мейрамхананы дайындау және жабдықтау. 3. Алыс және мемлекетаралық сапардағы поезд жолаушыларына тамақ өнімдерін дайындау, сақтау және өткізу жолаушы поезының вагон-мейрамханасында осы санитариялық ереженің талаптарына сәйкес жүргізіледі. Вагондағы жолаушыларға дайын тамақты қызмет көрсететін арбаларда жеткізуге жол беріледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|