Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарының күші жойылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 маусымдағы № 362 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының күші жойылуы тиіс бұйрықтарының тізбесі
1. «Туберкулезге қарсы санаторийларда санаторийлық-курорттық емдеуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 28 маусымдағы № 510 бұйрығы. 2. «Гигиеналық нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 24 наурыздағы № 139 бұйрығы. 3. «Қазақстан Республикасында дезинфекциялық қызметті жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 11 мамырдағы № 224 бұйрығы. 4. «Санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің жұмысын сапалық бағалау көрсеткіштерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 447 бұйрығы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|