Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 және 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 824 Қаулысы (2016.24.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 922 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2016.24.11. № 736 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2016.24.11. № 736 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақта тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде: 1-тармақтың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының» деген сөздер «Кеден одағының» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта: 1), 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) тауарға ілеспе құжаттар және ізгілік көмек ретінде әкелінетін тауарлардың мәртебесін көрсете отырып, дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктердің растамасы; 2) тауарларды жөнелтушінің, оның ішінде тауарларды өтеусіз беру фактісін растайтын шет тілінде жасалған растамасы;»; 1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|