Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Регламенті туралы
Осы редакция 2010 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 18 - тармағы 7) тармақшасы негізінде, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелген міндеттерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Регламенті бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің: 1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Регламенті туралы» 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 264; 2) «Әзірлеушілер Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдары болып табылатын нормативтік құқықтық актілер жобаларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісу регламентін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 768 бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Омаров Тобылбек Есежолұлына жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 5 қазандағы № 571 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің осы регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға, Президенттің, Үкіметтің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзіне жүктелген функцияларды орындау процесінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) қызметінің жалпы ережелерін белгілейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|