Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасын бекіту туралы (2012.09.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 246 бұйрығын қараңыз
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 271-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1058 қаулысымен бекітілген
Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 271-бабына сәйкес әзірленді және тауарларды кедендік тазарту кезінде кеден органдарының лауазымды адамдары іс-қимылының дәйектілігін айқындайды. 2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) тауарларға арналған декларацияларды тексеру - кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға арналған декларациялардың дұрыс толтырылуын, онда бар деректердің дұрыстығын және көрсетілген декларацияға қоса берілген құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру жөніндегі іс-қимылы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|