2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке коды және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы шарты жоқ бұрынғы қызметкерлердiң (2008.28.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке коды және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы шарты жоқ бұрынғы қызметкерлердiң (Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кiрiстерiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 660 қаулысымен бекітілген
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке коды және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы шарты жоқ бұрынғы қызметкерлердiң (Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кiрiстерiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару ережесi
Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi және 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке коды (бұдан әрi - ӘЖК) және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (бұдан әрi - СТН) және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы шарты жоқ бұрынғы қызметкерлердiң (Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) (бұдан әрi - бұрынғы қызметкерлер) кiрiстерiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналарын аударудың тәртібін белгiлейдi. 1. Мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер (бұдан әрi - агенттер) 2005 жылғы 1 тамызға дейiн 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ӘЖК және (немесе) СТН және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы шарты (бұдан әрi - шарт) және есептелген өсiмақысы жоқ бұрынғы қызметкерлердiң (Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кiрiстерiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасын қамтитын мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi анықтау мақсатында 2005 жылғы 1 қаңтардағы мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі есептерге түгендеу жүргiзедi. 2. Жүргiзiлген түгендеу нәтижелерi бойынша агенттер осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘЖК және (немесе) CTH және (немесе) шарты жоқ бұрынғы қызметкерлердiң тiзiмдерiн (бұдан әрi - бұрынғы қызметкерлердiң тiзiмiн жасайды. Бұрынғы қызметкерлердiң тiзiмдерi үш данада, оның iшiнде екi данасы қағаз жеткiзгiште және мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкiлеттi орган (бұдан әрi - Салық комитетi) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен (бұдан әрi - Орталық) келісім бойынша белгілейтiн форматтағы электрондық жеткiзгiште жасалады. 3. Түгендеудi жүргiзу мерзiмi өткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде агенттер бұрынғы қызметкерлер тiзiмiнiң қағаз жеткiзгiштегi бiр данасын және электрондық жеткiзгiштегі данасын бұрынғы қызметкердiң CTH-нiң болуын (болмауын) тексеру үшiн тұрған (тұрғылықты) жерi бойынша салық органдарына жiбередi. СТН-нiң болуын (болмауын) тексеру жүзеге асырылғаннан кейiн салық органдары бұрынғы қызметкерлердiң тiзiмдерiн қағаз және электрондық жеткiзгiште Салық комитетiне жiбередi. 4. Салық комитетi СТН-нiң болуын (болмауын) тексерудi жүзеге асырғаннан кейiн бұрынғы қызметкерлердiң жиынтық тiзiмiн электрондық жеткiзгіште СТН-нiң және (немесе) шарттың болуын (болмауын) растау үшiн Орталыққа жiбередi. 5. Орталық Салық комитетiнен бұрынғы қызметкерлердiң тiзiмдерiн алған күннен бастап он күнтiзбелiк күннiң iшiнде: 1) СТН-нiң және жинақтаушы зейнетақы қорларына соңғы күнге мiндеттi зейнетақы жарналары аударымдарының болуын (болмауын) тексерудi жүзеге асырады және бұрынғы қызметкерлер тiзiмінің тиiстi бағандарында белгiлер қояды; 2) шарттың болуын (болмауын) тексерудi жүзеге асыру үшiн бұрынғы қызметкерлердiң тiзiмдерiн электрондық жеткiзгiште барлық жинақтаушы зейнетақы қорларына жiбередi. 6. Жинақтаушы зейнетақы қорлары 10 күнтiзбелiк күн iшiнде шарттың болуын (болмауын) тексеру тұрғысында жұмыс жүргiзедi. Жинақтаушы зейнетақы қорлары шарттың болуын (болмауын) тексерудi жүзеге асырғаннан кейiн толтырылған бұрынғы қызметкерлердiң тiзiмдерiн электрондық жеткiзгіште Орталыққа жiбередi. 7. Егер бұрынғы қызметкер шарт жасаспай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы болып табылған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қорлары мiндеттi зейнетақы жарналарының соңғы аударымдары туралы деректердiң негiзiнде бұрынғы қызметкерлердiң тiзiмдерiн алған күннен бастап бiр ай мерзiмде олармен шарт жасасу үшiн осындай адамдарды анықтау бойынша жұмыс жүргiзедi. Осындай адамдармен шарт жасалған жағдайда, жинақтаушы зейнетақы қорлары үш жұмыс күнi iшiнде агенттi және Салық комитетiн тиiстi деректемелердi көрсете отырып, Орталық арқылы шарт жасалғаны туралы хабардар етедi. 8. Орталық жинақтаушы зейнетақы қорларынан толтырылған бұрынғы қызметкерлердiң тiзiмдерiн алғаннан кейiн осы Ереженiң 5, 6-тармақтарында белгiленген мерзiм өткеннен кейiн бес күнтiзбелiк күн iшiнде толтырылған бұрынғы қызметкерлердiң тiзiмдерiн қағаз және электрондық жеткiзгiште Салық комитетiне жiбередi. 9. Агенттер Салық комитетiнен ӘЖК мен шарты бар бұрынғы қызметкерлердiң тiзiмдерiн алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары мен есептелген өсiмақының сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады және осындай аударымдар бойынша өздерi тұратын (тұрғылықты) жерiндегі салық органдарымен салыстырып тексеру жүргізедi. ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 736 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 10. Агенттер тұратын (тұрғылықты) жеріндегі салық органдарымен салыстырып тексерудi жүзеге асырғаннан кейiн Салық комитетi мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешегi жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылмаған бұрынғы қызметкерлердiң жиынтық тiзiмiн қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне жiбередi. 11. Сонымен бiр уақытта Салық комитетi электрондық жеткiзгiште бұрынғы қызметкерлердiң жиынтық тiзiмiн адамдардың азаматтық хал актілерін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен хабарсыз кеткен деп танылуын, Қазақстан Республикасынан тыс жерге кетуiн және осы мемлекеттік органдардың құзыретi шегіндегі басқа да деректердi тексеру тұрғысында Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi комитетiне (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігіне жiбередi. 12. Осы Ереженiң 11-тармағында көрсетiлген мемлекеттік органдар Бұрынғы қызметкерлердiң жиынтық тiзiмiн алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде тиiстi бағандарды толтырады және оны электронды түрде Салық комитетiне қайтарады. 13. Осы Ереженiң 11-тармағында көрсетiлген мемлекеттік органдардың белгiлерi бар бұрынғы қызметкерлердiң жиынтық тiзiмiн алғаннан кейiн агенттер тұратын (тұрғылықты) жеріндегі салық органдары соңғыларына бұрынғы қызметкерлер жөнiнде Салық комитетiнен алынған бар мәлiметтердi тиiстiлiгiне қарай жiбередi. 14. Бұрынғы қызметкерлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) өтiнiшпен келген кезде агенттер мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасын жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес зейнеткерлiк жасқа жеткен бұрынғы қызметкер өтiнiш жасаған жағдайда, мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы қызметкердiң алдындағы еңбекақы төлеу жөніндегі берешек болып табылады және ол бұрынғы қызметкердiң жинақ шотына немесе карт-шотына ақшаны аудару жолымен төленуге тиiс. 15. Осы Ереженiң 11-тармағында көрсетiлген мемлекеттік органнан алынған деректер бойынша бұрынғы қызметкердiң өлiмi тiркелген, бұрынғы қызметкер қайтыс болды деп жарияланған жағдайда мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұрагерлiкке ашық деп танылады. 16. 2005 жылғы 1 қарашаға дейiн агенттер жүргiзiлген жұмыстың нәтижелерi бойынша өздерi тұратын (тұрғылықты) жеріндегі салық органдарымен салыстырып тексеру жүргiзедi. Салық комитетi салық органдары деректерiнiң негiзiнде жүргiзiлген салыстырып тексеру нәтижелерiн Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне тапсырады.
ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтік жеке коды және (немесе) салық төлеушінің тiркеу нөмiрi және/немесе жинақтаушы зейнетақы қорларымен зейнетақы шарты жоқ, (Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) бұрынғы қызметкерлердiң табысынан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын аудару ережесіне қосымша
Әлеуметтiк жеке коды және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорлары мен зейнетақы қамсыздандыру туралы зейнетақы шарты жоқ бұрынғы қызметкерлердiң тiзiмi
таблицаның жалғасы:
Ескерту: 1-13-бағандарды агент толтырады. Бұл ретте, 8-11-бағандарды олар туралы мәлiметтер болмаса толтыру міндетті емес. 15-бағанды Орталық толтырады. 17-бағанда ӘЖК (15-баған) және шарт (16-бaғaн) болған кезде, аудару үшін қажетті ЖЗҚ деректемелері көрсетіледі ӘЖК (15-баған) болған, бірақ шарт (16-баған) болмаған кезде соңғы күнге аударылған ЖЗҚ деректемелерi көрсетіледі 16-бағанды Орталықтың тиісті белгiлерiнен кейiн ЖЗҚ толтырады. 18-бағанда уәкiлетті органдардың мәлiметтері көрсетіледі:
ҚР Әділет министрлігінiң адамның азаматтық жағдайы туралы Tipкeу қызметi және құқықтық жазбаның №, күні, мазмұны (мысалға: көмек көрсету комитеті қайтыс болуын тіркеу, қаза болды деп тану және т.б)
ҚР Ішкi iстер министрлігінiң ҚР тыс жерге кеткенін растайтын Көшi-қон полиция департаментi құжаттың № және күнi (азаматтардың сақталуы немесе сақталмауы)
ҚР Жоғарғы Соты жанындағы ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен Сот әкімшілігі комитеті адамды хабарсыз кеткен деп тану туралы сот шығарған шешімнiң күнi
19-бағанда уәкілетті органдар 18-бағандағы мәліметтер болмаған кезде, өзінің құзыреті шегінде өзге мәліметтерді көрсетедi (мысалы: жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәлiметтер, берiлген күні; соңғы тұрған жерінің мекен-жайы; бас бостандығынан айыру үшiн сотталған бұрынғы қызметкер туралы деректер; адамды әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы деректер).
Басшы (орынбасары)___________
Бас бухгалтер________________
МО
|