Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтыру мен өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылган күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010жылғы 13 қазандағы № 1064 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтыру мен өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысында: көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында: «Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу» деген бөлімде: 4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Осы бөлімде көзделген қаражаттың 70 (жетпіс) млрд. теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражаты басым инвестициялық жобаларды (Бейнеу -Бозой газ құбырын салу, «Алатау Жарық» компаниясының кіші станциясын салу, Қорғас - Жетіген темір жолын салу, «Өзен - Түркіменстан шекарасы» темір жолын салу, Атырау облысындағы газ-химия кешенінің инфрақұрылымын салу) қаржыландыруға бағытталады.»; «Шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру ұйымдарын қолдау» деген бөлімде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|